«Қазақтың салт-дәстүрі тәңірлік бастауларға негізделген»: «Тәңрі Елі» бірлестігі Тәңіршілдікті дін ретінде тануды ұсынды

Алматыда Қазақстанда Тәңіршілдікті ресми дін ретінде тану мәселесі талқыланды. «Тәңрі Елі» ерікті республикалық Тәңіршілер бірлестігінің төрағасы Ерлан Еспенбетов елімізде Тәңіршілдікке тиісті көңіл бөлінбей жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ерлан Еспенбетовтың сөзінше, тәңіршілдік VI ғасырдағы Ұлы қағанат кезінде діни-саяси идеология ретінде қалыптасқан.

“Олардың қасиетті орталықтары тікелей Орталық Азияда орналасқан жергілікті климаттық және табиғи жағдайларға бағытталған бірден-бір ілім. Соңғы жылдары Тәңіршілдік сенімін ұстанушылар саны артып, өзін тәңіршіл деп санайтын азаматтардың саны миллионнан асты. Еліміздің барлық негізгі рәміздері: Елтаңба, Ту, Бәйтерек, Хан-Шатыр және қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары тәңірлік бастауларға негізделген», – деді Еспенбетов.

Еспенбетовтың сөзінше, Тәңіршілдік ежелгі түркі және моңғол халықтары арасында пайда болған. Сондай-ақ ол аспан мен мәңгілікті бейнелейтін Тәңіріге, табиғат пен ата-бабалар рухына тағзым етуден тұрады.

«Қазақстан түркі-моңғол әлемінің ең ірі елдерінің бірі. Еліміз көшпелілер өркениетінің мұрагері ретінде Тәңірлік ұстанымына негізделген дінді тіркеген жағдайда, өзін әлемдік қауымдастықта рухани мемлекет ретінде таныта алады. Католиктерге арналған Ватикан сияқты әлемдік Тәңіршілдіктің діни орталығына және қасиетті жерлерге діни-қажылық туризмнің дамуына оң әсер етеді», – дейді Ерлан Еспенбетов.

«Тәңрі Елі» бірлестігінің мүшелері Қазақстанда ислам, христиандық, буддизммен қатар, дін ретінде тәңіршілдікті ресми түрде тануды ұсынды. 

«Заңға сәйкес, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың атынан кемiнде бес мың адамнан тұратын, әрқайсысында кемiнде 300 адамы бар азаматтардың бастамасы бойынша ол республикалық дiни бiрлестiк деп танылады. Қазір біз Тәңіршілдік пен «Тәңрі Елін» ресми танудың ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелерін пысықтап жатырмыз. Жақында біз электронды үкімет сайтында электронды петицияны іске қостық», – деді Еспенбетов.

“Тәңрі Елі” қауымдастығы төрағасының айтуынша, петицияға мыңға жуық адам қол қойған. «Тәңрі Елі» бірлестігіне барлығы 100-ге жуық қазақстандық кіреді.

“Тәңрі Елі” бірлестігі төрағасының сөзінше, қазіргі таңда Тәңіршілдіктің мәнін түсіндіретін нұсқаулықтар жасалып, жазылып жатыр.