«Құр нан және қара шай.» Алматыдағы балабақшада берілген түскі ас видеоға түсіп қалды
![](https://altyn-orda.kz/kaz/wp-content/uploads/2023/03/photo_424678.jpeg)
Алматы қалалық білім басқармасы мүмкіндігі шектеулі балалардың ас ішу процесі түсірілген видео Алматы қаласы Алатау ауданындағы «No164 балабақша» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында түсірілгенін хабарлады деп хабарлайды altyn-orda.kz
«Қазіргі уақытта білім басқармасы 2023 жылдың 16 наурызы мен 20 наурызы аралығында егжей-тегжейлі тексеру жүргізу үшін мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы мен балабақша меңгерушілері, медбикелерден тұратын мониторингтік топ құрды. Қоғамдық тамақтандыру бойынша толық ақпарат тексеруден кейін беріледі», — делінген хабарламада.
![](https://altyn-orda.kz/wp-content/uploads/banner_smaleev_site.jpg)