Тоқаев: 2023 жылды «Орыс тілі» жылы деп жариялаймыз (ВИДЕО)

«Алдағы 2023 жылы Достастықта орыс тілі жылы атап өтіледі». Бұл пікірді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуінде мәлімдеді, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.

«Жалпы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен ТМД кеңістігіндегі тілдік кеңістікті нығайтудың тұрақты маңызы бар. Әрине, бұл жерде орыс тілінің рөлі ешбір күмән тудырмайды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Тоқаев 2023 жылы Санкт-Петербургке Достастықтың мәдени астанасы ресми мәртебесін беру ТМД елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға қызмет ететініне сенім білдірді.

«Біз мемлекеттеріміздің мүдделеріне сай келетін ақпараттық күн тәртібін бірлесіп ойластырамыз деп ойлаймын. Алдағы 2023 жылы Достастықта орыс тілі жылы аталып өтеді. Қазақстанның ТМД аясында орыс тілін қолдау жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы бастамасы іс жүзінде дамитын болады»,- деді Тоқаев.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ADYRNA.KZ — Жаңалықтар (@adyrna.kz)