«Жыртық көйлек сатып жатыр»: Танымал журналист Шаһизаданың бизнесін сынады
“Дау-дамайсыз” бағдарламасының жүргізушісі Жазира Бегалы әнші Шаһизадаға алданып қалғанын айтты. Бұл туралы Altyn-orda.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды .
Медиа маманының айтуынша, балалары мереке күніне орай, әншінің киім дүкенінен көйлек сатып алған.
“Шаһизада, инстаграм арқылы жыртық көйлек сатып, телефонды неге бұғаттап тастадыңыз? Мынау сіздің дүкеннен бір сағат бұрын балалар тапсырыс беріп, маған Наурыз мерекесіне алған сыйлығы! Жыртық! Оны сары жіппен тігіп, қалай ұялмай сатып отырсыз? Оразада сол жыртық көйлектің ақшасы сізге садақа! Масқара! Балалар жыртықты көріп, сатқан нөмерге хабарласқан! Бұғаттап тастапты! Қыздар, Шаһизаданың дүкенінен осындай көйлек алдық! Қысқасы, бүгін Шоңжыдан іссапардан келдім. Балапандарым мені қуантайын деп көйлекке тапсырыс береді. Түркияның киімі, жеңілдікпен екен. Танымал әнші жыртық көйлекті парақшасында жарнамалаған. Сататын кезде осындай ақауы бар деп ескертпеген. Нәтиже осы! Сатқан адам нөмерді бұғаттап тастаған. Көмекшісі де мардымды жауап берген жоқ”, – деп ренжіді журналист.
Одан кейін тележурналист әлеуметтік желіге жазғаннан кейін, өнер иесінің көмекшілері ақшасын қайтарып жіберген.
“Қызыл көйлектің дауы дау-дамайсыз шешілді. Бірақ жазбаны алып тастамаймын! Түнде сағат он екіге таяу әншінің көмекшілері көйлектің ақшасын қайтарыпты. “Жазбаны өшірсін” деп өтініш жасапты. Мен балаларыммен сатушы, көмекшілерінің қалай сөйлескенін естіп, шок болдым.
Жыртық көйлек сатып жібердік деген қылдай ұялу немесе кешірім сұрау жоқ. Біреуі бұғаттап, екіншісі ертең шешеміз, көреміз деп мұрын шүйіргеніне , қоқысқа тастайтын киімді бір уыс теңгеге сатқанына намыстанбағанына, ойпырмай деп жағамды ұстадым. Шаһизаданың дүкеніне жоламаспын. Тұтынушы құқығын таптауға ешкімнің құқығы жоқ. Атақты әншіге ескерту “тауарды қайтарып алмаймыз “ деген хабарламаңызды алып тастаңыз! Заң бойынша, 14 күн ішінде тауардың ақшасы қайтарылуы керек”, – деп жазды тележурналист.