Демеу Жадыраевтың жеке бапкері оның финалға шыққанын көріп, көз жасына ерік берді (видео)

Әлеуметтік желіде Демеу Жадыраевтың жеке бапкері Жұмахан Тұрғанбековтың видеосы тарап, ел жүрегін елжіретті. Шәкіртінің финалға шыққанын көрген жаттықтырушы көз жасына ерік берген, деп хабарлайды     Altyn-orda.kz      KAZ.NUR.KZ.ке сілтеме жасай отырып  

Аса әсерлі сәттің видеосы TikTok әлеуметтік желісінде жарияланған.

Онда Жұмахан Тұрғанбековтың көпшілікпен Демеу Жадыраевтың финалға шыққанын тамашалап, соңында көз жасын тыя алмағанын көруге болады.

Желі қолданушылары білікті бапкердің шәкіртіне деген қолдауына тәнті болып, оған жылы лебіздерін білдірген.

«Осы атамның көз жасы алтынға айналсын», «Бар марапатқа осы кісі лайық. Бір емес екі Олимпиада жүлдегерін жаттықтырды», «Еңбегі ақталып жатыр. Әрине, жылайды. Туған баласындай тәрбиелеп, жаттықтырып чемпион жасады», «Үлкен жеңістер кіші спортзалдардан, осындай ағайлардан басталады», «Жылағаның көріп, жүрегім елжіреп кетті», «Еңбегіңіз жансын, аға. Сіздің еңбегіңіз елеулі», — деп жазуда көпшілік.

kaz.nur.kz