Абай облысында магнитудасы 4.0 болатын жер сілкінісі болды

23 маусымға қараған түні Қазақстанның Абай облысында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық деректер орталығы хабарлады, деп жазады Altyn-orda.kz.

Сейсмикалық оқиға Астана уақыты бойынша 01:23-те орын алған. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Уржар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 4.0 болған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қираулар мен зардап шеккендер жоқ, ақпарат нақтылануда.

Мамандардың айтуынша, жер дүмпулерінің күші MSK-64 шкаласы бойынша шамамен 3–4 баллға сәйкес келеді.