Қостанайда тәрбиешілер балаларды ұрып, тамақ бермеген — бәрі бейнебақылау камераларына түсіп қалған

Қостанай қаласындағы «Аманат и К» балалар орталығында балаларға қатыгездікпен қарау жағдайлары тіркелді. Altyn-orda.kz сайты «Наша газета»-ға сілтеме жасай отырып хабарлағандай, редакцияға бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар келіп түскен. Видеоларда тәрбиешілердің балаларды ұрып-соғып, тамақ бермей қойғаны анық көрінеді.
Басылымның мәліметінше, жәбірленген балалардың ата-аналары полицияға жүгініп, қаладағы білім бөліміне де шағым жолдаған.
Қостанай облыстық полиция департаменті бұл жайтты растады.
Кәмелетке толмаған балаларға қатысты қатыгездік көрсету арқылы өз міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы аясында сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
«Әңгіме балаларға қамқорлық жасап, қадағалау міндеті жүктелген қызметкерлердің әрекеттері туралы болып отыр. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Журналистер бұл мәселеге байланысты өңірдің білім және денсаулық сақтау басқармаларынан да түсініктеме сұрады.

Соңғы жаңалықтар
-
Астанада 2025–2026 оқу жылына арналған балабақшаларға қабылдау басталды
30.06.2025, 13:09 -
Президент Тоқаев Минскіде ЕАЭО саммитіне қатысады
26.06.2025, 12:12
Үздік жаңалықтар
-
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі
22.01.2024, 13:17
Біз туралы
Altyn-orda.kz сайты 2009 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасауда. Біз 13 жыл бойы еліміздегі және әлемдегі маңызды ақпараттарды таратудамыз.
Материалды көшіріп басу кезінде Altyn-orda.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.
Бізбен байланыс
Телефон: +7 707 590 77 27
Email: smaleev59@mail.ru