Шымкентте театр директорын 136 млн теңге жымқырды деген күдікпен ұстады (ВИДЕО)

Оны ауқымды сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деп айыптауда, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.

«Шымкент жастар театрының» директоры мен бірнеше лауазымды тұлғаға бюджеттен сахналық жабдық сатып алуға бөлінген 136 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдік тағылды .

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, сатып алулар жалған жеке кәсіпкерлер арқылы жүргізіліп, ақша қолма-қолға айналдырылған.

Күдіктілердің бірі 48 миллион теңгеге пәтер мен автокөлік сатып алып, оларды басқа адамдардың атына рәсімдеген.

Барлық күдіктілер қамауға алынды, мүлікке тыйым салынды. Тергеу аяқталды.

📹 Видео — материалда.