Абайдың Құнанбаевтың туған күні Осакадағы EXPO-2025 көрмесінде Қазақстанның Ұлттық күні болып жарияланды.

Мұндай шешімді 13 сәуір мен 13 қазан аралығында өтетін Жапониядағы Дүниежүзілік көрме ұйымдастырушылары қабылдады. Бүгін Қазақстанның мемлекеттік туын көтеру рәсімі, ресми кездесулер, сондай-ақ қазақстандық әртістердің қатысуымен этно- концерт пен парад өтті    деп хабарлайды Altyn-orda.kz   Новости Алматы телеграмм  каналына сілтеме жасай отырып 

EXPO-2025 көрмесінің басты тақырыбы үш бағыт бойынша ашылады: «Өмірді сақтау», «Құқықтар мен мүмкіндіктерді кеңейту» және «Біріктіру».

Көрмеге 150 ел мен 9 халықаралық ұйым қатысуда. Күтілетін келушілер саны – 28,2 млн адам.

Еліміздің шаңырақ символы негізінде жасалған павильоны тарихқа, мәдениетке, экожүйеге, туризмге, инвестицияға және инновацияға айрықша назар аударады