Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықовтың мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанға 12,3 миллионнан астам шетелдік келген деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Қазір елде 223 мың шетелдік тұрақты тұрады, олардың 80 мыңы — қандастар.
Ал 660 мыңнан астам адамға уақытша тұруға рұқсат берілген, олардың 90 пайызы еңбек мақсатында келген.
Биыл көші-қон заңнамасын бұзған 70 мың шетелдік жауапкершілікке тартылып, 4,7 миллиард теңге айыппұл салынған. 14 мың адам елден шығарылған.
Фото zakon.kz сайтынан алынды