Қазақстан жолаушылар вагондары паркін жаңартып жатыр

13 қарашада RWS Wagon (ЖШС «ЗИКСТО») ұлттық тасымалдаушы – «Жолаушы тасымалдау » АҚ-қа «44» сериялы 27 вагон жеткізді. Жыл соңына дейін жаңа «45» сериясының 100 вагоны жөнелтіледі. 2024–2025 жылдары компания ӨДҚ арқылы ұлттық тасымалдаушыға барлығы 157 вагон тапсырған деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Жаңа «45» сериялы вагондар заманауи қауіпсіздік, энергия тиімділігі және экология талаптарына сай жасалған. Пневмосуспензия қозғалысты жұмсақ етеді, коррозияға төзімді болаттан жасалған кузов ұзақ қызмет етеді.
Интерьер толық жаңартылып, жарықтандыру, микроклимат, биотуалет, Wi-Fi және USB розеткалармен жабдықталған. Салон трансформер болып, күндізгі диванды ұйықтайтын орынға айналдыруға болады.
RWS-Service арқылы қызметкерлер жаңа модельдерді пайдалану бойынша оқытудан өтуде. Зауыт жылына 500 вагон шығара алады және локализацияны арттыруда: вагондар отандық дөңгелектер мен мойынтіректермен жасалады, ал 2026 жылдан бастап қазақстандық осьтер мен интерьер элементтері қолданылатын болады.
Бұл бағдарламалар Қазақстанның вагон паркiн едәуір жаңартуға және ұлттық тасымалдаушылардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.










