Ресейде де мектеп ішінде жасалған қанды шабуыл қоғамды дүр сілкіндірді

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, пышақ ұстаған жасөспірім оқушыларға қарсы шабуыл жасап, салдарынан адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алған деп хабарлайды Altyn-orda.kz
РЕН ТВ арнасы тілшілерінің хабарлауынша, оқиға Одинцовоға қарасты Горки-2 ауылындағы Успен мектебінде болған.
Ол сабақ кезінде қолындағы пышақты пайдаланып, айналасындағыларға шабуыл жасаған. Қайғылы жағдай салдарынан бір оқушы алған ауыр жарақатынан көз жұмды, тағы бірнеше адам, оның ішінде мектеп қызметкерлері де бар, ауруханаға жеткізілді.
Күдіктіні ұстау үшін құқық қорғау органдары оқиға орнына жедел жеткен
Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, шабуылға не себеп болғанын сонымен қатар жасөспірімнің психологиялық жағдайы анықталуда.
Бұл оқиға Ресей қоғамында мектеп қауіпсіздігі, жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық және алдын алу шараларының жеткіліксіздігі туралы қызу пікірталас тудырды.
Мамандар мұндай трагедиялардың алдын алу үшін мектептерде бақылауды күшейтіп, балалармен психологиялық жұмысты жүйелі түрде жүргізу қажет екенін айтуда.
фото english.news.cn сайтынан алынды










