Жаңа заң: Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттағаны үшін 10 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін

  Фото  nippon.com

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың айтуынша, Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттағандар заң алдында жауап береді.

Бұл норма «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңда көрсетілген. Бұл туралы Altyn-orda.kz хабарлады.

Оның сөзінше, егер мұндай әрекет алғаш рет жасалса, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Ал бір жыл ішінде қайта қайталанса, айыппұл көбейтілуі немесе 10 тәулікке дейін қамауға алу қолданылуы мүмкін.

Бұл талап өздігінен тексерілмейді. Алдымен арыз түсуі керек, содан кейін ғана мәселе қаралады.

Вице-министр насихат деп ЛГБТ-ға оң көзқарас білдіру мен өзгелерді соған шақыруды айтты. Ал ешқандай шақырусыз жеке қатынастарды ашық көрсету насихат болып саналмайды.