Енді Шу мен Отар арасында электрпойыз қатынайтын болады

Фото: “Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметі
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2026 жылғы 19 ақпаннан бастап №6946/6945 Шу – Отар қала маңы бағыты бойынша электрпойызын іске қосады.
Бұл шешім тасымалдау көлемін айтарлықтай ұлғайтып, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы мен жайлылық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді деп хабарлайды Altyn-orda.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып
Бұған дейін аталған бағытта бір жолаушылар вагоны ғана қатынаған. Енді бұл бағытта төрт вагоннан тұратын электрпойызы пайдалануға беріледі. Пойыздың жалпы сыйымдылығы 300-ден астам жолаушыны құрайды.
Электрпойыз күн сайын қатынайды:
• Шу станциясынан жөнелту — 15:30, Отар станциясына келу — 19:00.
• Отар станциясынан жөнелту — 06:40, Шу станциясына келу — 10:03.
Жолаушылар үшін жайлылық деңгейі бойынша үш қызмет көрсету санаты қарастырылған:
• 1-санат — 2 257 теңге
• 2-санат — 2 097 теңге
• 3-санат — 1 751 теңге










