Арыста мектеп мұғалімі мас болып бірнеше адамды қағып кетті

Түркістан облысы Арыс қаласында ауыр жол апаты болды. Алдын ала мәлімет бойынша, JAC маркалы көлікті басқарған әйел мас күйінде бірнеше адамды қағып, кейін оқиға орнынан кетіп қалған деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Қайғылы оқиға салдарынан бірнеше адам қаза тапты. Олардың арасында екі кішкентай бала мен жүкті әйел болған.
.Тағы екі адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Кейін полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлады . БАҚ мәліметінше, көлік тізгінінде 52 жастағы Бибінұр Қасымова болған. Ол мектепте жұмыс істеген, ал бос уақытында такси жүргізіп, қосымша табыс тапқан. Сараптама оның қаныннан ішімдік ішкенін растаған.
Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр. Қоғамда бұл оқиға үлкен резонанс тудырды.
Мас кұйінде көлік жүргізу өте орны толмас өкінішке әкеп соқтыратыны айтпаса да белгілі жағдай










