184 қазақстандық “Болашақ” стипендиясының иегері атанды

Қазақстанда “Болашақ” халықаралық стипендиясы иегерлерінің жаңа тізімі жарияланды. Биыл шетелде білім алып, тәжірибе жинауға 184 қазақстандық мүмкіндік алды деп хабарлайды Altyn-orda.kz

Олардың бір бөлігі магистратура мен докторантурада оқиды, ал кейбір мамандар шетелдік ұйымдар мен ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өтеді.

Бұл стипендия жастарға әлемнің жетекші университеттерінде білім алып, кейін алған тәжірибесін ел дамуына жұмсауға жол ашады.

“Болашақ” бағдарламасы Қазақстан үшін маңызды кадрларды даярлауға бағытталған. Әсіресе білім, ғылым, медицина, инженерия, IT және басқа да салаларда халықаралық деңгейде дайындалған мамандарға сұраныс жоғары.

Стипендия иегерлерінің толық тізімі “Халықаралық бағдарламалар орталығының” ресми сайтында жарияланды.