Ресей Қазақстаннан 50 мың тонна АИ-92 бензинін жеткізуді сұрады – БАҚ

Ресей Қазақстаннан 50 мың тонна АИ-92 бензинін жеткізуді сұрады. БАҚ мәліметінше, Мәскеу бұл қадамға ішкі нарықтағы жанармай тапшылығын азайту үшін барып отыр ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ Altyn-orda.kz

Reuters дереккөздерінің айтуынша, Ресейдегі бірнеше ірі мұнай өңдеу зауыты тоқтап қалғаннан кейін бензин өндірісі төмендеген.

Бұл жағдайға жоспардан тыс жөндеу жұмыстары мен украиналық дрон шабуылдарының салдары әсер еткен болуы мүмкін.

Қазақстанда қазір бензин қоры бар бірақ Атырау мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары басталатындықтан, одан аз  мөлшерде жеткізілуі     ықтимал.

Кей дереккөздердің жазуы  бойынша, Ресей бензиннің орнына Қазақстанға авиаотын ұсынуы мүмкін.

Әзірге бұл мәселе келіссөз деңгейінде ғана айтылып отыр. Қазақстан тарапы ресми өтініш түскені туралы нақты мәлімдеме жасаған жоқ.