Бүгіннен бастап ,Мәжіліс пен Сенат депутаттарының өкілеттігі аяқталды

Бүгін Қазақстанның саяси тарихындағы маңызды кезең аяқталды. 30 маусымда Парламенттің Мәжілісі мен Сенаты соңғы бірлескен отырысын өткізіп, қазіргі екі палаталы Парламенттің қызметі ресми түрде аяқталды. Ертеңнен бастап елде жаңа Конституция күшіне еніп, мемлекеттік басқарудың жаңа моделі іске қосылады деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы бірлескен отырыста бұл күнді тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жаңа дәуірдің бастауы деп атады. Оның айтуынша, жаңа Конституциямен бірге мемлекеттік билік жүйесі түбегейлі жаңарып, екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай жұмыс істейтін болады.
Осылайша, қазіргі Мәжіліс пен Сенат депутаттарының өкілеттігі аяқталды. Алдағы уақытта Президент жаңа заң шығарушы органға сайлау өткізу туралы жарлыққа қол қояды. Алдын ала жоспар бойынша сайлау тамыз айында ұйымдастырылады.
Осылайша, бүгінгі күн Қазақстанның заң шығару жүйесі үшін тарихи белес ретінде есте қалмақ. Ел жаңа Конституция негізінде жұмыс істейтін жаңа саяси кезеңге қадам басты.










