Алматыдан Сианьға алғашқы тікелей әуе рейсі ашылды

 

ФОТО  flyarystan.com

 

Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы тағы бір маңызды бағытпен толықты. Алматыдан Қытайдың көне шаһары Сианьға алғашқы тікелей әуе рейсі іске қосылды  деп хабарлайды Altyn-orda.kz

Жаңа бағыт екі ел арасындағы туристік, іскерлік және мәдени байланысты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

Жаңа рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері орындалады.

Бұл бағыт қазақстандықтарға Сиань қаласына ешқандай қосымша аялдамасыз жетуге жол ашады. Сонымен қатар Қытай азаматтарының Алматыға келуін де жеңілдетеді.

Сиань – Қытай өркениетінің ежелгі орталықтарының бірі. Қала әлемге әйгілі Терракота әскерімен, ежелгі қала қорғанымен және тарихи Жібек жолының бастау нүктесі ретінде танымал. Сарапшылардың пікірінше, жаңа рейс туризмнің дамуына, сауда-саттықтың артуына және инвестициялық байланыстардың кеңеюіне оң әсер етеді.

Айта кетейік, соңғы жылдары Қазақстан мен Қытай арасында жаңа халықаралық әуе бағыттарының саны көбейіп келеді. Бұл екі ел арасындағы экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың нығайып келе жатқанын көрсетеді.