Қазақстан мектептерінде жаңа пәндер енгізіледі

Фото: El.kz/Арман МУХАТОВ
Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде екі жаңа міндетті пән енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді деп хабарлайды Altyn-orda.kz
5–7-сынып оқушылары үшін «Конституция негіздері» пәні оқытылады. Оның аясында оқушылар Қазақстанның конституциялық құрылысы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік басқару жүйесі және құқықтық мәдениеттің негіздерімен танысады.
Сонымен қатар, 5–11-сыныптарда «Жеке қауіпсіздік» атты міндетті курс енгізіледі. Бұл пәнде оқушыларға өмірлік қауіпсіздік ережелері, кибергигиена, ақпараттық қауіпсіздік, төтенше жағдайларда әрекет ету және түрлі қауіптердің алдын алу бойынша практикалық дағдылар үйретіледі.
Жаңа пәндердің басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, күнделікті өмірде өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті білім мен машықтарды қалыптастыру.
Соңғы жаңалықтар
-
Қазақстан мектептерінде жаңа пәндер енгізіледі
01.07.2026, 13:44 -
Алматыдан Сианьға алғашқы тікелей әуе рейсі ашылды
01.07.2026, 10:49 -
Бүгіннен бастап ,Мәжіліс пен Сенат депутаттарының өкілеттігі аяқталды
30.06.2026, 17:11 -
Тоқаев Грузия Премьер-министрін мемлекеттік наградамен марапаттады
30.06.2026, 09:47 -
Алматыда 400 орындық жаңа студенттер жатақханасы салынады.
29.06.2026, 12:05 -
Қазақстан мен Қырғызстан бір-біріне жер учаскелерін 49 жылға береді
29.06.2026, 11:47
Үздік жаңалықтар
-
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі
22.01.2024, 13:17
Біз туралы
Altyn-orda.kz сайты 2009 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасауда. Біз 13 жыл бойы еліміздегі және әлемдегі маңызды ақпараттарды таратудамыз.
Материалды көшіріп басу кезінде Altyn-orda.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.
Бізбен байланыс
Телефон: +7 707 590 77 27
Email: smaleev59@mail.ru










