Ресейде енді дрондар Ozon логистикалық орталығына шабуылдады

Ozon қоймасындағы өрт. Видеодан кадр: instagram.com/zelenskyy_official

Ресейдің Самара облысында түнгі ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуылынан кейін Ozon маркетплейсінің ірі логистикалық орталығында өрт шықты. Оқиға 22 тамызға қараған түні Чапаевск қаласында болған деп хабарлайды Altyn-orda.kz

Самара облысының билігі дрон шабуылы салдарынан Ozon нысанына зақым келгенін растады. Компания өкілдерінің мәліметінше, қоймада өрт басталып, нысанның жұмысы уақытша тоқтатылған. Қызметкерлер эвакуацияланған. Ресейлік ақпарат құралдары 500-ден астам адамның қауіпсіз жерге шығарылғанын хабарлады.

Шабуыл салдарынан зардап шеккендер де бар. Reuters дерегінше, Ozon қоймасындағы оқиғадан кейін бірнеше адамның жарақат алғаны хабарланған.

Бұл — соғыс басталғалы Ozon компаниясының ірі логистикалық нысанына жасалған алғашқы расталған дрон шабуылдарының бірі. Бұған дейін Ресей аумағындағы Wildberries қоймалары мен басқа да логистикалық және өнеркәсіптік нысандар шабуылға ұшыраған болатын.

Сол түні Самара облысындағы Новокуйбышевск мұнай өңдеу зауыты да шабуылға ұшырап, онда өрт шыққаны хабарланды. Украина тарапы бұл нысанға соққы жасалғанын растады.

Соңғы уақытта Украина Ресейдің майданнан алыс орналасқан мұнай өңдеу кәсіпорындарына, әскери өндіріс орындарына және логистикалық инфрақұрылымына бағытталған дрон шабуылдарын күшейтіп келеді. Киев мұндай нысандарды Ресейдің соғыс жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін инфрақұрылым ретінде қарастыратынын мәлімдеп жүр.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Володимир Зеленський (@zelenskyy_official)