Тұңғыш Президент Кеңсесін қаржыландыру 1 миллиард теңгеге қысқартылды
Биылғы жылы ҚР Тұңғыш Президентінің Кеңсесіне республикалық бюджеттен 1,6 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы PROTENGE телеграмм арнасы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Атап айтсақ, 708 млн теңге – Нұрсұлтан Назарбаевтың, ал 969 млн теңге – Тұңғыш Президент кітапханасының қызметтерін қамтамасыз етуге бөлінген.
Өткен жылы экс-президенттің кеңсесін ұстауға бюджеттен 2,6 млрд теңге, 2021 жылы 2,1 млрд теңге қарастырылған еді.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Кеңсесі – Нұрсұлтан Әбішұлы құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган. Миссиясы — Тұңғыш Президенттің қызметін және оның мәртебесін іске асыруды ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық, ұйымдық-протоколдық және өзге де түрде сапалы және уақтылы қамтамасыз ету.