Түркияға жер сілкінісінен кейін 60-тан астам ел көмек берді — Ердоған
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысында болған жер сілкіністерінен кейін 60-тан астам ел Түркияға көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Sabah басылымына сілтеме жасап.
Ердоған Хатай қаласына барды. Мұнда 7,7 және 7,6 баллдық жер сілкінісі сезіліп, тұрғындар зардап шекті.
«Біз тарихымыздағы ең үлкен жер сілкіністерінің бірін бастан өткердік. Өкінішке қарай, Хатай – бұл апаттан ең көп зардап шеккен және ең көп қираулар мен адам шығынына ұшыраған қалалардың бірі», – деді түрік басшысы.
Ол осы қиын күндерде 60-тан астам ел әртүрлі көмек көрсетіп, Түркияны қолдағанын атап өтті. Ердоған Әзербайжанға, Израильге, Сауд Арабиясына, Катарға, Кувейтке алғысын білдірді. Өйткені аталған елдер бірінші болып жауап беріп, көмекке асықты.