Орал тұрғыны маршал Жуковтың бюстінің жанына унитаз қойғаны үшін қамауға алынды
Оралдың әкімшілік соты маршал Жуков бюстінің жанына унитаз қойған тұрғынның әрекетін «ұсақ бұзақылық» деп танып, белсендіні 10 тәулікке қамауға алды, деп хабарлайды altyn-orda.kz .
Орал қаласының тұрғыны Жаннат Ахмедьяров маршал Жуковтың бюстіне унитаз әкелген. Ол Facebook әлеуметтік желісінде «сыйлығымен» түскен суретін жариялады.
Міне, Жорқа сен қанішерге менің жеке сыйлығым! Бұл сыйлықты байлау үшін ешнәрсе таппадым, осылай қойсам да болады! – деп жазды белсенді.
Бұл әрекетімен Ахмедьяров Украинаны қолдағысы келген
1946 жылы Ұлы соғыстан кейін маршал Жуковтан көптеген құнды заттар: зергерлік бұйымдар, қару-жарақ, жиһаз, ыдыс-аяқ, сондай-ақ Германиядан алынған бірнеше ондаған унитаз қалай табылғанын еске түсіргісі келетінін айтты.