«Әйелімді ұратыным рас»: Жан Ахмадиев отбасы мен жаңа жобасы жайлы айтты
Үнемі елді шулатып жүретін әнші Жан Ахмадиевпен тілшіміз сұхбаттасты. Бұл жолы ол жеке отбасынның саясатын ғана емес, өнер адамдарын “топас” деп атап, елдегі саясаттың әлсіздігі жайлы ой қозғады. Бұл туралы Stan.kz жазады.
– Үнемі елдің назарын өзіңізге аударып, шулатып жүруге әуессіз. Қазір немен айналысып жүрсіз?
– Қазіргі таңда өзімнің YouTube арнамды аштым. Бұрыннан бері болған, қазір соны дамытып жатырмыз. «Қазақпыз ғой» деген жобамыз жүріп жатыр. Мұнда қазіргі таңдағы қазақтың күйбелең тіршілігін көрсетеміз. Сонымен қатар мына қазақтың қанын ішіп біткен жемқорлар мен шенеуліктер жайлы, солардың ашылмаған сырларын көрсетеміз. Негізі қазақ өзінің қылмыскер “қаһармандарын” білу керек деген ниетте ашылған арнамен айналысып жатырмыз.
– Саясат пен саясаткерлердің көлеңке тұстарын көрсету қауіпті емес пе? Сізге қоқан-лоқы көрсетіп хабарласқандар бар ма?
– Әрине, ондай “звоноктар” өте көп. Мысалы, «Жас қыз, қатын алғыш Арыстанбек Мұхаммедиұлының қазаққа жасаған қиянаты» деген атаумен видео шыққанда Арыстанбек Мұхаммедиевтің хатшысы Айдар Қырықбаев хабарласып: “Сен ана видеоңды өшір, әйтпесе, заңмен сөйлесеміз” деп қорқытқысы келді. Мен видеоны өшірмедім. Өйткені бұға берсең сұға береді.
– Есіме бір оқиға түсіп отыр. Барлық әлеуметтік желілерде көзіңіз көгеріп, соққыға жығылған видеоңыз тараған еді. Көпшілік мұны “хайп” деп бағалады. Ақиқаты қандай?
– Жоқ, ешқандай да хайп, атың шықпаса — жер өртенің күйі емес. Өз денсаулығымды қауіпке қоймайтын шығармын. Ол кезде Әліби деген жігіт туралы біраз дау болып еді ғой. Соның адамдары, сол тапсырыс берген екен. Кейіннен таптық. Көгергені рас, пышақтап кеткен. Жай пышақтау емес, өте қауіпті жерден пышақтаған. 10 мм қисық тиген пышақ. Әйтпесе, аман қалмағандай екенмін.
– Қазір сіз YouTube арнадан жақсы табыс тауып жүрсіз. Ал өзіңіздің өнердегі әріптестеріңіз, достарыңыз каналдарын тек мұрағат үшін пайдаланады екен. Табыс көзі ретінде білек түріп кірісуге аса ниеті жоқ. Бұл өнер адамдарының ізденісі жоқтығы ма әлде ақшаға аса мұқтаж емес пе?
– Біріншіден, өнер адамдарына топастау болып келеді. Оны мойындау керек. Сонымен қатар олардың контент жасауға басы жетпейді деп ойлаймын. Қазіргі таңда әнші, өнер адамдарына деген қызығушылық төмендеп кетті. Мұны да мойындау керек. Білесіздер, оларды шегірткелер деп атады. Содан кейін короновирус келгеннен кейін бүкіл өнер адамдарын аяғынан тартып, жерге бірақ түсірді ғой. Халық пайдасы жоқ әншілерсіз той жасауға болатынын түсінді. Содан кейін олардың қазір таңда ақшасы көп деп те айта алмаймын. Басты проблема, контент жасауға ақылдары жетпейді, жалқаулықтары жібермейді.
– Халық әншілерсіз той өткізуді үйренді деп қалдыңыз. Ал өзіңізді тойға шақыра ма?
– Иә, анда-санда барамын. Өз басым елу мың теңгеге шыға беремін. Отыз мың теңге берсе де барамын. Ондай жоқ менде. Тікелей табыс көзім тойдан емес. Бұл хобби сияқты. Маған халық алдына барып ән айтып, ауыз жыбырлатып қайтудың өзі рахат. Сол үшін барамын.
– Жан Ахмадиев үйде қандай әке, қандай жар?
– Қамқор әкемін. Ал жар ретінде қаталмын. Әйелімді ұратыным рас.
– Әйелімді ұратыным рас дедіңіз ба?
– Иә, анда-санда ұрамын. Әйелді аптасына бір рет қамшымен сабап тұру керек деген қазақта сөз бар. Қазір әйелінің айтқанынан шықпайтын еркектер қаптап кеткен. Ол неге? Өйткені әйелінің аузын қаға алмайды. Әйелінің аузын қағу деген сөзін бөлу емес. Әйелді сөзбен жеңу ешқашан мүмкін емес. Бірақ бір шапалақпен жеңуге болады. Сөйтіп анда-санда ұрып, әйелді орнынан жығып тұру керек деп ойлаймын. Өйткені әйелге аптасына бір шайтан кіріп кетеді. Соны шығарып тұру керек екен. Әйелді қатты еркелетуге болмайды.
– “Әйелді аптасына бір рет ұру керек” деген қазақ даналығын өзім алғаш естуім. Бұл әлсіз еркектердің өздері шығарған ұрандары сияқты. Сіздің қызыңыз бар ғой, болашақта күйеуі оны ұрса ше?
– Егер де қателік болса, аузына ие болмаса, күйеуінің көңілінен шықпаса, ұрсын. Мен қарсы емеспін. Қатты ұруға болмайды. Шапалақ пен тепкілеу екі бөлек. Әйелінің көзін көгерту, денесінде көгерту ол енді еркектікке жатпайды.
– Айтылған сөз – атылған оқ. Әйелді шапалақпен ұру дегенді тура түсініп, кейбір еркектер ертең әйелін тепкілеп, өлімшедей ұрып тастайды деп қорықпайсыз ба? Сөзіңіздің сұрауы болады деп қорықпайсыз ба?
– Жоқ, сұрауы болғанда, мен өз сөзіме әрқашан жауап беремін. Екіншіден, тағы да айтамын әйел көңілінен шықпаса, әйелің бағынбаса, әйелің шектен асып кетсе ғана ұру керек. Егер әйелің тәрбиелі болып, ойыңнан шығып, айтқаныңның бәрін істеп тұрса, оған ештеңе демейсің ғой. Бірақ та сөз түсінбейтін қатындар көп. Оны мойындау керек. Сондықтан аздап кетіп қалады. Мен өзім туралы айтып отырмын. Бірақ та әйелдеріңді ұрып тепкілеңдер деген ешкімге кеңес бермеймін.
– Соңғы сұрақ болсын: сіздің ойыңызша, “Жаңа” Қазақстан расымен құрылып жатыр ма?
– Жаңа “ескі Қазақстан” деу керек шығар. Ал “Жаңа” Қазақстанды Тоқаев құрып жатқан жоқ. Басында біз Тоқаевқа шынымен сеніп қалғанбыз. Бірақ өзіңіз де қазір көріп жатсыз. Баға жоғары, азық-түлік қымбат. Екіншіден, бұрынғы билік ешқайда кетпеді. Бұл Жаңа Қазақстан емес. Бұл басынан бастап жоспарланған дүние деп ойлаймын. Сондықтан тағы да жиырма, отыз жыл күтуге тура келеді. Ештеңе өзгермейді.
– Сіздің ойыңызша, Қазақстандағы жүйені өзгеру үшін басшылыққа кім келу керек? “Осы адамға сенер едім” дегендей сіз ұсынатын кандидатура бар ма?
– Қазіргі таңда бұл лауазымға лайық ешкімді көріп тұрған жоқпын. Ешқандай кандидат лайық емес.
– Сұхбатыңызға рахмет!