-Дип. Төтенше жағдайдағы медициналық көмекті ұйымдастыру

Мазмұны

 

Кіріспе

 

I тарау. Төтенше жағдайдағы медициналық көмекті ұйымдастыру

 

1.1 Төтенше жағдайдағы медициналық көмектің негіздері

 

1.2 Медициналық көшірмені кезеңдері туралы түсінік

 

1.3 Медициналық көшірменің негіздері мен ұйымдастырылуы

 

1.4 Медициналық көмектің түрлері мен көлемі

 

1.5 Медициналық көшірмені әр кезеңдегі ауруларды медициналық іріктеу әдістері

 

II-тарау. Бейбітшілік уақытындағы төтенше жағдайдағы медициналық көмекті ұйымдастыру

 

2.1 Медициналық көмектердің әр кезеңдегі ұйымдастыру түрлері

 

2.2 Бірінші медициналық көмекті ұйымдастыру

 

2.3 Алғашқы дәрігерлік медициналық көмекті ұйымдастыру

 

2.4 Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру

 

III-тарау. Медициналық көшірменің жұмысын ұйымдастыру және де кеңейту

 

3.1 Медициналық көшірмедегі мамандандырылған жұмысын ұйымдастыру және кеңейту

 

3.2 Көп салалы жылжымалы госпиталь

 

3.2.1 Көп салалы  жылжымалы госпитальдің міндеттері

 

3.2.2 Ұйымдастырулық – штаттық госпитальдің құрылымы

 

3.2.3 Негізгі госпитальдің бөлімшілерінің міндеттері

 

3.2.4 Госпитальдің кеңейту принциптері

 

3.2.5 Госпитальдің функциональдық бөлімшелерінің ұйымдастыру қызметтері

 

3.2.6 Шаруашылық – жабдықтармен  қамтамасыз етілуі

 

IV-тарау.  Төтенше жағдайдағы аурухананың жұмысын ұйымдастыру

 

4.1  Төтенше жағдайдағы балаларға көмектесетін медициналық көмекті ұйымдастыру ерекшеліктері

 

4.2 Төтенше жағдайдағы радиациялық авиация және басқа да төтенше жағдайдлардың жою ерекшеліктері

 

4.3 Химия ошағындағы тұрғындарға медициналық көмекті ұйымдастыру ерекшеліктері

 

4.4 Төтенше жағдайдағы қолданатын құжаттар

 

4.5 Төтенше жағдайдағы медицина әлеуметтік  — психикалық аспектер

 

Қорытынды

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

Кіріспе

 

Кейінгі жылдарда Қазақстан Республикасы аумағы мен шетелдердегі апаттар мен табиғи зілзалалардың салдарынан болған айтарлықтай адам шығыны,осы құбылыстар кезінде көрсетілетін жедел дәрігерлік көмек көрсету жүйесінің көп жылдан бері қалыптасып  қалған салғырт ұйымына, дұрыс көзқараспен қарауды талап етеді.

Төтенше жағдай кезінде жедел дәрігерлік көмек көрсету ұйымы жан – жақты болады: апаттан құтқару жұмыстары, апат аймағына жету қызметтері, апат салдарынан туындайтын жұқпалы індеттердің алдын-алу жұмыстары, адамдарды қауіпсіз аймаққа апарып, оның ары қарайғы еміне жағдай жасау, және де елдің өздерін өмірімен қамтамасыз етулерін қалыптастыру болып табылады.Аталған қызметтер төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жоюы үшін біртұтас мемлекеттік жүйенің басты мақсаты саналады.

1994 жылдың 27 қыркүйегіндегі ҚР Үкіметінің қаулысы.

Қазақстан Республикасында  төтенше жағдайлар болған кездегі жедел дәрігерлік қызмет көрсету ұйымын құру жайлы қаулы, мемлекеттік №1068.

Табиғат және техникалық құбылыстар сипаттында туындайтын төтенше жағдай кезінде, дәрігерлік қызмет көрсету жайында Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті қаулы бекітті.

  1. ҚР Төтенше жағдайлар кезінде қызмет көрсететін жедел дәрігерлік көмек көрсететін ұйымды құру.

Аталған ұйымның ішіне жедел дәрігерлік көмек көрсету орталықтары, арнайы орталықтар, төтенше жағдай кезіндегі жараланғандарды орналастыратын емдеу мекемелері, дәрігерлік көмек көрсетудің арнайы жабдықталған тобы, әрдайым дайын тұратын арнайы топтар, дәрігерлік-медбикелі (фельдшерлі) топтар, жедел және кейінге калдырмай дәрігерлік көмек көрсету бекеттері,жедел және жоспарлы кеңесті көмек көрсету бөлімшелері, қан құю бекеттері ( бөлімшелері), республикалық мекемелер мен азаматтарды қорғаудың дәрігерлік ұйымдарын құру кіреді. Тағы да, облыстық және «Фармация» компаниясының Мемлекеттік Акционерлі Холдингі, қалалық мекемелері, «Медтехника» акционерлі қоғамы, «Казмедснаб» Республикалық жалға алу мекемесі де жатады. Үлкен аумақты төтенше жағдайлар туа қалған жағдайда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Комиссиясы, жедел дәрігерлік көмек көрсету қоғамына,басқа министрліктің, өзге күштердің де жәрдемдесетін жайлы қаулы қабылдады. Соның ішінде, Қ.Р.Көлік және коммуникация министрлігінде, «Қазақстан әуе жолы» ұлттық акционерлі әуе компаниясында, Алматы, Батыс Қазақстан және Тың жерлердің темір жол мекемелерінде азаматтарды қорғаудың санитарлы –көлік ұйымын құру кіреді. Төтенше жағдайлар кезінде жедел көмек көрсетуде дамыту мен жетілдіру құқығын  Қазақстан Респуликасының Денсаулық сақтау Министрлігіне беру де бекітілді.

  1. Төтенше жағдайлар кезінде жедел дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымды- әдістемелік және ғылыми басқарушы қызметтерін, Қ.Р. Денсаулық сақтау Министрлігінің еншісіне беру туралы қаулы қабылданды.

ҚР Денсаулық сақтау Министрлігіне Қ.Р. Мемлекеттік Комиссиясымен бірлесе отырып 3 айдың ішінде, аумақта төтенше жағдайлар кезінде туындайтын жедел дәрігерлік көмек жайында нормативті құжаттарды дайындау тапсырылды. Бұл құжаттар бөлімшелердің қызметтерін реттеп, басқа министрліктердің жұмыстарын бір жүйеге келтіріп, халықаралық әріптестерді қалпына келтіріп тұрады.

  1. Экономика Министрлігі мен Қ.Р. Қаржы Министрлігіне, облысбасшылары мен қала әкімдеріне, денсаулық сақтау ұйымдарының тапсырыстарына (ғимарат салу, арнайы жабдық алу, жедел дәрігерлік көмек көрсету ұйымдарын жетілдірумен белгілі деңгейде ұстап тұру) жыл сайын қомақты қаржы бөліп тұруды тапсырды.
  2. Төтенше жағдайлар кезінде жедел дәрігерлік көмек көрсету ұйымдарын көлікпен қамтамасыз ету Қ.Р. Министрлер алқасының үкімімен жүзеге асырылады. Ол үкім 1993ж. 16 сәуірінде № 315 мемлекеттік нөмірімен шықты: «Төтенше жағдайлар кезінде және оның алдын алу үшін ұйымдасқан арнайы қызметкүштерін көлікпен тасымалдаудың, қамтамасыз етудің тәртібі жайлы қаулы» Сонымен қатар 1993ж.4 қазанында № 981 үкімі бекітілді. «Қ.Р. аумағындағы төтенше жағдайлар кезінде мемлекеттік басқару ұйымдарын байланыспен қамтамасыз ету жайлы үкім»

Төтенше жағдайлар – тұтқиылдан, күтпеген жерден келетін апат және ол тез өзгеріп, тез таралады.Өндірістік апаттар мен табиғи, экологиялық зілзалалар шешім қабылдауда қиындықтар туғызып, жағдайдың анық еместігімен сипатталады. Бұл жағдай елге үрей туғызып, ауқымды экономикалық, адами шығындарды әкеледі. Адамдарды емдеп, олардың жағдайын жасау мен апат ошақтарын жоюға қомақты қаржы мен адам күші кетеді.

Табиғат зілзалалары – бұл қауіпті табиғи құбылыстар мен геофизикалық, геологиялық, гидрологиялық, атмосфералық, биосфералық және басқа да құбылыстар салдарынан туындайтын жағдайлар болып табылады. Ғимараттар құлап, адам шығыны болады.

Апат – бұл көліктің, құрал-жабдықтың ақаулығынан немесе ғимараттың құлауы салдарынан болатын адам шығыны болмайтын жағдайды құрайды.

Зілзала – бұл аяқ астынан болатын құбылыс, оның салдарынан ғимараттар, үйлер құлап, адамдар қаза табады. 

 

 

 

 

 

 

 

1.1 Медициналық көшірменің кезеңдері туралы түсінік

 

 Медициналық көшірменің кезеңдері дегеніміз – зардап шеккен ауруларды көшіру, оларды қабылдау бөліміне жеткізу, медициналық іріктеуге, медициналық көмек көрсетуге, қажет жағдайда әрі қарай көшіруге қалыптасқан медициналық мекемелер.

Медициналық көшірменің кезеңдері:

Медициналық қалыптасу, Қазақстанның медициналық мекемелері, Қазақстан Республикасының  қорғаныс министрінің медициналық қызметі, Қазақстан Республикасының санитарлық қызметі, Қазақстан Республикасының  ішкі істері бөлімінің медициналық қызметі, Қазақстан Республикасының әскери  медициналық қызмет және  тағы басқа министерстволар мен ведомстволар.

Медициналық көшірменің әрбір кезеңі белгілі емдеу – профилактикалық жәрдем беру шараларын жүргізеді. Бұл жұмыстың көлемі жағдайға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Алайда медициналық көшірменің  кезеңінің негізгі жұмыстарына мыналар жатады:

  • қабылдау- іріктеу бөлімі;
  • зарарсыздандыру бөлімі, ауруларды санитарлық бақылаудан өткізу;
  • ауруларға медициналық көмек көрсету, тану, операция бөлімі,
  • егу бөлімі, шокқа қарсы интенсивті терапия;
  • госпиталь бөлімі;
  • көшіру бөлімі;
  • изолятор.

Медициналық көшірменің құрамына басқару, дәріхана, зертхана, шаруашылық бөлімшесі кіреді.

 Медициналық көшірме әрқашанда жұмысқа дайын болуы керек. Қандай жағдай болмаса да, зардап шеккендерді тез арада қабылдап, тез қимыл — әрекет жасауға, орын ауыстыруға дайын тұруы керек.

 

1.2. Медициналық көшірменің негіздері мен ұйымдастыруы.

 

Емдеу – көшірменің негізі:

  1. Медициналық жәрдем беру және емдеу.
  2. Ауруларды көшіру.

Бұл екеуі медициналық апаттың қызметінде өте тығыз байланыста және бір комплекстік шаралар өткізеді.

Төтенше жағдайда медициналық көшірмеге жүктелетін негізгі шаралар:

  • ауруларға бірінші медициналық көмек және апат ауданымен көшіруге қатысады;
  • мамандырылған және жоғары мамандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру;
  • толық емдеуге жағдай жасау;
  • ауруларды медициналық көшірме кезеңіне көшіруді ұйымдастыру;
  • қайтыс болған адамдарды медициналық сот сараптамасынан өткізуге, және ұйымдастыруға.

Емдеу- көшірменің  қамтамасыз етуді ұйымдастыру көбінесе апат болған жағдайға байланысты. Науқастарды үйінді астынан шығарып, бірінші медициналық көмек көрсетілген соң, олар арнайы апатта қызмет көрсету құрамымен жақын жердегі пунктіге жеткізіледі. Осы жерде оларға қосымша  медициналық көмек көрсетіледі, іріктеледі, тасымалдау көлігіне бөлінеді және медициналық көшірме кезеңіне тасымалдау құралымен жеткізіледі.

Бірінші медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық көшірме кезеңіне мыналар жатады:

  • апатта толық және жартылай сау қалған емхана;
  • апатқа жақын жерде орналасқан емхана, апат медицина орталығының госпиталі;
  • медициналық пунктілер, Қазақстанның Қорғаныс Министрінің медициналық қызметі, Қазақстанның әскери медициналық қызметінің пункті.

Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек және емдеу медициналық көшірменің мынандай кезеңінде көрсетіледі:

— апат медицина орталығының госпиталь мен емханалары, Қазақстанның  денсаулық   сақтау Министрінің профильді, арнайы мамандандырылған емханалары Қазақстанның әскери және қорғаныс министрінің барлық медициналық орындары;

— Қазақстанның барлық медициналық мекемелері:

Төтенше жағдайда зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетудің алуан түрлері:

  • зардап шеккендерге оларды емдеу мекеменің көшіргенге дейін бірінші медициналық және дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
  • зардап шеккендерге оларды емдеу мекемелеріне көшіргенге дейін бірінші медициналық және дәрігерге дейінгі көмектен басқа бірінші дәрігерлік көмек көрсету.
  • зардап шеккендерге оларды емдеу мекемелеріне көшіргенге дейін бірінші медициналық, дәрігерге дейінгі, бірінші дәрігерлік көмектен басқа, шұғыл мамандырылған медициналық көрсету.

 

1.3. Медициналық көмектің түрлері мен көлемі.

 

Медициналық көмектің түрі – бұл қалыптасқан емдеу – профилактикалық шаралардың тізбесі. Бұл шаралар арнайы мамандырылған  медициналық қызметкерлерімен атқарылады.

Емдеу-көшірмесімен қамтамасыз етіледі, медициналық жабдықтар қолданылады.

Медициналық көмектің көлемі – бұл емдеу-профилактикалық шаралардың қосындысы. Бұл шаралар медицина көшірмесінің белгілі кезеңінде орындалады. Белгіленген дәрежедегі ауруларға қолданылған медициналық көрсеткіштер мен мүмкіндіктері. Медициналық көшірменің бұл шаралары тұрақты емес, жағдайға қарап өзгеріп отырады.

Негізі апат медицинасының орталығы медициналық  көмекті 5 түрге бөледі: бірінші медициналық көмек, дәрігерге дейінгі көмек, бірінші дәрігерлік көмек, мамандандырылған көмек, жоғары мамандандырылған көмек.

Бірінші медициналық көмек – бұл көмек апат болған немесе оған жақын жерде медициналық  қызметкерлерімен немесе апаттан құтқару пунктімен көрсетіледі. Көмектің маңызы – ауруды аман сақтап қалу, кауіптің алдын алу. Бірінші медициналық көмектің уақыты жарақат алғаннан кейін 30 минут. Тыныс тоқтағанда 5-10 минутқа қысқартылады.

Дәрігерге дейінгі көмек – бұл көмек бірінші медициналық көмекке қосымша болып келеді. Аурудың өмірін сақтап қалуға, әрі қарай көшіруге көмектеседі. Бұл көмекті фельдшер немесе медбике жасайды медициналық  құралдардың көмегімен. Көмек көрсету уақыты – жарақат алғаннан кейін 1 сағатқа кеш.

Бірінші дәрігерлік көмек – бұл көмекті профильді дәрігер жасайды (міндетті түрде медициналық көшірменің).

Комплекстік емдеу – профилактикалық шараларын жүргізеді, қажет еткенде әрі қарай көшіруге дайындайды. Көмек көрсету уақыты  4-5 сағат жарақат алғаннан кейін .

Мамандандырылған  медициналық көмек – бұл көмекті кең профильді дәрігерлер (хирург, терапевт) жасайды. Медициналық мекемелерде. Маңызы ауруды аман сақтап қалу. Көмек көрсету уақыты 8-12 сағат жарақат алғаннан кейін.

Жоғары мамандандырылған көмек – бұл көмекті арнайы медициналық мекемелерді жоғары мамандандырылған әр түрлі профильді дәрігерлер жасайды. Әр түрлі медициналық жабдықтандыру құралдарымен. Көмек көрсету уақыты неғұрлым ертерек болу керек, 3 сөткеге жеткізбей. Әр түрлі төтенше жағдайда көрсетілетін жоғары мамандандырылған көмектің түрлері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

нейрохирургия, офтальмология, стоматология, травматология, нефрология, радлология, токсикология, психоневрология, акушер – гинекология, педиатрия және т.б. мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек арнайы емдеу мекемелерінде бір мезгілде жасалатындықтан, екеуін айыру қиынға соғады.

Медициналық көшірме кезеңінде сапалы медициналық іріктеу жүргізу үшін:

—  өздігінен қызмет жасайтын, көлемі кең, науқастарға еркін келіп жүретін бөлімшелер;

—    қосымша іріктеу органдарын (іріктеу орындары, іріктеу алаңдары);

— іріктеу бригадаларын құру, оларды диагностикалық құралдармен жабдықтандыру және іріктеудің нәтижесін белгілейтін түрлі таңбалармен, бірінші медициналық карталармен қамту;

—   науқастарды орналастыруды реттеуші – диспетчер медбике бөлу керек;

—  іріктеу бригадасының құрамында науқастың жайын білетін, тез арада диагноз қойып қандай көмекті қажет ететінің білетін тәжірибелі дәрігерлер болуы керек;

—  іріктеу бригадасының құрамында (жүрмейтін аурулар үшін дәрігер, фельдшер, медбике, екі тіркеуші және зембілшілер болады. Ал жүретін аурулар үшін – дәрігер, медбике және тіркеуші керек).

Дәрігер, фельдшер, медбике алдымен қоршаған ортаға қауіп төндіруші ауруларды іріктейді, содан кейін шұғыл медициналық көмекті (аяғы ауыр әйелдер, қан тоқтамаған жағдайда, тырысқақ және т.б.) қажет ететіндер.

Бірінші кезекте ірілеуде әйелдер мен балалар тұрады. Іріктеу бригадасы  2 ауруды қабылдай алады. Біріншісін дәрігер, медбике және тіркеуші, екіншісін фельдшер, медбике және тіркеуші тексереді. Дәрігер бірінші ауруды қабылдаған соң, екінші аурудың жағдайын фельдшерден анықтап тиісті қосымша ем жасайды. Сосын дәрігер үшінші ауруды қабылдайды. Фельдшер мен тіркеуші 4-ші ауруды тексеріп, медициналық құжаттарды толтырады.

Дәрігер ауруды тексеруден өткізгенде:

  • жарақаттың локализациясын;
  • жарақаттың механикалық, химиялық түрін;
  • басты жарақат аурудың өміріне қауіп төндіретін;
  • аурудың жағдайын – ауырлығын, жеңілдігін, көздің жарыққа әсерін, пульсін, бет әлпетін, терінің түсінің өзгеруін;
  • медициналық көмектің қажет ететінің;
  • ауруды көшірудің жолын анықтайды.

Жеңіл жарақат алғандар үшін арнайы орын дайындалады (дәрігер мен арнайы мед. бикеге аранлған стол)

Мамандандырылған және жоғарғы мамандандырылған медициналық көмекпен емдеу мен қамтамасыз ететін госпитальді медициналық мекемелер медициналық көшірме кезенінің аурулар үшін соңғы болып есептеледі. Бұл медициналық іріктеудің ерекешіліг.

Қабылдау-іріктеу бөлімшелерінде аурулар мына топтарға бөлінеді:

  • шұғыл медициналық көмекті қажет ететіедер- олар тану, операция, шокқа қарсы, гентенсивті терапияның палаталарына жіберіледі;
  • диагноз қою үшін ренгентік тексеруді қажет ететіндер-рентген кабинетіне жіберіледі;
  • қалған зардап шегушілер мен аурулар профилді госнитальдік бөлімшілерге жіберіледі.

Медициналық көшірме кезенінің бақылауымен іріктеу барысында 2 топ қалыптасады:

  1. Аурулар – бұл мекемеге профильді емес, осыған байланысты басқа емдеу мекемесіне көшірілуі керек.
  2. Аурулар – емдеу қажет етпейтін, бұлар амбулаториялық емге жіберіледі.

Медициналық іріктеудің нәтижесін белгілеу үшін мынандай құжаттар жүргізіледі:

  1. Ауруларды тіркеу журналы. Көшіру кезінде көмек алған аурулардың тізімі жазылады.
  2. Бірінші медициналық карта. Бірінші медициналық карта көшіріліуге жататын ауруларға толтырылады. Бұл картада паспорттың анықтамалары, локамизация, диагноз және көрсетілген көмектің түрлері жазылады. Қартада қолайлы қолдану үшін графалар мен белгілер болады. Белгілерді сызады немесеқоршайды. Картаның шетінде түрлі түсті белгілейтін жолақтар бар.

Қызыл жолақ —  аурудың шұғыл хирургиялық көмек қажет ететінің білдіреді. Бұл жолық картада керекті көмек көрсетілмейінше сақталады. Жолақты көмек көрсеткен бөлімдер (операция, тану, спиталь) кеседі.

Қара жолақ – ауруды жұқпалы ауруға күдікті екенін белгілейді және оғпн эпедемияға қарсы комплексті (жекелеу шұғыл профилактика, дезинфекция) шаралар қолдану керектілін көрсетеді. Қара жолақтын сақталғанында «диагноз» деген графада изоляциялық себебі жазылады.

Көк жолақ – Бұл аурудың профилактикалық емін әрі қарай жалғастыруды белгілейді. Сәуле жарығымен ауырғандар.

Сары жолақ- Бұл ауруға санитарлық-тазалық, профилактикалық емнің қажет екенің білдіреді.

  1. Іріктеу белгілері – қосымша құралдар. Олардың түсі және пішіні әр түрлі болады. Бұл зембілшілерге  қандай бөлімге апарылатынын анықтауға мүмкіндік туғызады. Бұл таңбаларды аурудың киімдеріне қадап қояды.
  2. Көшіру паспорты – паспорт жүргізушіге немесе еріп жүрушіге беріледі. Паспортта аурудың профильі, көліктегі аурулардың саны, көліктің кеткен уақыты белгіленеді.
  3. Жолдама және маршруттық қағаздар — жүргізушіге беріледі. Әуе-жай көлігімен көшірілгенде аурулардың фамилиялары беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II- тарау. Бейбітшілік уақыттағы төтенше жағдайдағы медициналық көмекті ұйыдастыру.

Зілзаланың қысқаша сипаттамасы.

Зілзала – бұл кенеттен пайда болатын, халықтың айтарлықтай бөлігінің қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарының үлкен шығынына алып келетін, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттарды өлім-жетімге ұшырататын табиғат құбылысы.

Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебеі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.

Зілзаланың пайда болу себебі мен сипаттамасын  дер кезінде шаралар қабылдауға, олардың кейбіреулерінің қиратқыш күшін азайтуға мүмкіндік береді.

Біз Республикамызда мынандай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.

Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне Арал теңізінің құруына, Балқаш көлінің таяздануына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.

Жер сілкінісі.

Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтықта тарайтын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.

Жер қыртысының тек техникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді.

Жер сілкінісі барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыстар пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарды үрей билейді. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде теңіз түбінің қозғалысы нәтижесінде теңіздің гравитациялық толқындары – цунами пайда болып, құрлықта үлкен бүлінушілік жасайды.

Сел.

Сел –тау өзенінің арналарында кенеттен пайда болатын деңгейдің күрт көтерілуі мен тау жыныстары бұзылуынан болған жоғары деңгейдегі заттардың көпшілігімен сипатталатын уақытша ағын.

Сел ұзақ нөсер, мұз бен қардың жылдам еруі, мөренуі, мұзды өзендердің бұзылуы, жер сілкінісі, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болады. Арнайы тасқындарға қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекелеген толқындардан 10 м/с және одан да көп. жылдамдықпен қозғалады.

Сел тасқындары өзен арналарындағы үлкен еңістердің болуынан, борпылдақ топырақ пен бөлшектелген материалдың көптігінен, ұзақ нөсерден, қар мен мұздақтың тез еруінен, биік таудағы өзендерден бұзып шығуынан пайда болады. Оның алапат талқандағыш күші өзінің жолында кездескен барша гидротехникалық ғимараттарды құратын, жазық пен өзен сағаларын бүлдіреді.

Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай-ақ Қаратай, Кетмен, Тарбағатай тауларындағы өзендер сел қаупі күшті аудандар.

Қар көшкіні.

Қар көшкіні – бұл қар массаларының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.

Қазақстанда 95 мың шаршы метр тау аумағы қар көшкіні қаупіне ұшырайды.

Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық – ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь-Шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында.

Көшкіндер құламатау беикейінен көбінесес 20-60° -пен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкіндер тауда жауын-шашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір айында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше метрге, қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100м/с дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50% жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық объектілеріне тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы  1м² — ге бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін.

Табиғи өрттер.

Біз Отанымызда табиғи өрттердің негізгі түрлері ландшафты өрттер – орман, орманды дала және дала өрттері болып табылады.

Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көмеді, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады., маңайын күйдіреді.

Ормандағы өрттердің 80% халықтың еңбек немесе демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларын бұзуынан, сондай-ақ орманда ақаулы техниканы пайдалану нәтижесінде пайда болады.

Опырылмалар.

Опырылма – ауырлық күштің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы және жартастардағы жекелеген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы.

   Опырылмалар жылдың кез-келген уақытында, әдетте тікңтігі 19° жуық жартастарда жиі кездеседі. Олардың алаңы 50-60 га дейін жетеді.

Қар басуы.

Қар басуы – табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршіліктің бұзылуына, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына алып келеді. Қар басуы, боран туралы хабар алған бойда, уақыт болса, кедергілер орнатылады. Жолдың, ғимараттардың  шетінен желге қарсы бағытта арасы 15-20 метр қалқан, қар тосқауылы қойылады.

Дауыл.

Дауыл – жойқын күші бар және едәуір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел.

Дауылдардың  пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайда пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ астынан бұзылуы әсер етеді.

Дауыл өзінің алапат күштілігі бойынша инженерлік ғимараттарға жер сілкінісінен кем емес деңгейде әсер етеді.

Су басуы.

Су басу — өзен, көл немесе теңіз суының көтерілуі саладарынан жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы. Ол енді мекендердің су астында қалуына, адам мен малдың өлім-жетіміне алып келеді.

Көптеген су басудың негізгі себептері нөсер жаңбыр, қардың, мұздықтардың үздіксіз еруі, қума жел болып табылады.

Адамдардың эпидемиялық аурулары Қазақстанның ұлан-ғайыр аймағында әртүрлі климаттық – географиялық сипаттамалардың әртүрлілігіне орай обаның, туляремияның табиғи ошақтары дамыған, көптеген елді мекендердегі гигиеналық жағдайдың төмендегіден ерекше қауіпті және басқа да жұқпалы аурулардың таралуына барлық алғы шарттар жасалған.

Қазақстанда іш сүзегі, дизентерия, т.б. аурулар, тұмау, көкжөтел, қызылша, полимиелит, бруцеллёз, менингит, туберкулез, вирустық гепатит, сүзек, безгек, тыныс жолдарының ауруы және т.б. тіркелген.

Төтенше жағдай аумағындағы құтқару және өзге де жұмыстар.

Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару және жарақат алғандарға көмек көрстеуі үшін, ТЖ- ны оқшаулау, сондай-ақ қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.

ТЖ зардабын жою стратегиясы бірсыпыра қауіп-қатерге және соған байланысты тәуекелділікке негізделеді. Сондықтан ең алғашқы міндет- адамдар қауіпсіздігін қамсыздандыру. Стратегия мен тактика қандай шараларды қалай қолдануын ескереді.

Адамдарды құтқару сипаттамасы бойынша арнаулы 3 топ бар:

  • құтқару;
  • арнаулы (жедел);
  • қосалқы;

Құтқару жұмыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған жатады:

  • басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;
  • зардап шегушілерді шығарып алу;
  • зардап шегушілерге жедел медициналық жәрдем ұйымдастыру;
  • зардап шегушілерді апат аймағынан көшіру,

Арнаулы (жедел) жұмыстарға жатады:

  • өрт сөндіру,
  • коммуналды- энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;
  • тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;
  • осал құрылыстарды күшейту;

Қосалқы жұмыстарға мыналар кіреді:

  • алаңдарды тазалау;
  • техника орнату;
  • қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату
  • жұмыс орындарын жарықтандыру т.с.с.

АҚ шаралары мен күштерінің іс-әрекеттерінің қамсыздандырудың тікелей орындаушылары  АҚ және ТЖ тиісті қызметтері АҚ әскери бөлімшелері мен құрамалары болып табылады.

а) Барлау – АҚ мен іс-әрекеттері мен шараларының қамсыздандырудың маңызды түрі болып табылады.Барлау үшін талап: толассыздық, белсенділік, мақсаткерлік, алынар мәліметтердің дұрыстығы.

б) Медициналық қамсыздандыру – АҚ күштері жеке құрамының денсаулығы мен жұмыс қабілетін сақтау, зақымдалушылар мен ауруларға дер кезінде медициналық көмек көрсету үшін, оларды көшіру, емдеу және  қатарға қосу, жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуын ескертумен ұйымдастырылады.

в) Көлікпен қамсыздандыру шаралары және Азаматтық Қорғаныс Күштерінің  іс-әрекеттері көшірілетін халықты дер кезінде әкету, құтқарушыларды жылдам жұмыс орны мен қоныстану ауданына жеткізу, АҚ күштері мен ТЖ аудандарына тасымалдау мақсатында ұйымдастырылады.

г) АҚ шаралары мен күштерінің іс-әрекеттерін материалдық-техникалық қамсыздандыру АҚ басқару органдары мен күштерін өз уақытында және тұрақты әзірлікте ұстау, ТЖ аймағында зақымдану ошақтарында құтқару және өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізуге әзір ету мақсатында ұйымдастырылады;

д) Гидрометеорологиялық қамсыздандыру АҚ шараларын орындау кезінде метеорологиялық және гидрологиялық қауіпті құбылыстар мен ауа райының элементтерін жан- жақты есепке алу мақсатында жүргізіледі.

Зілзала аумағында медико-тактикалық жағдай мен АҚ МК-нің негізгі міндеттері.

Көбінесе зілзала болған жағдайда медициналық көмек көрсету бірден мүмкін болмай қалады. Өрт, су  алу мен су басудан басқа жағдайларда. Басқа жағдайларда медициналық көмек тек қана салдарынан соң көрсетіледі.

Барша зілзалалар адам шығынын тудыра бермейді. Дауылда, селде, қар басуда, қар көшкінінде адам санитарлық шығыны болады. Өрт туғанда адам шығыны аз болады. Өйткені, адам өрттен жарақаттанып қашып шыға алады, ал өз зілзаладан қашыпқұтылу өте қиын.

Ең көп кісі шығынын тудырушы ол-жер сілкінісі. Онда ірі қалаларда қайтымсыз және санитарлық шығын пайда болады. Соның ішінде медқызметкерлер, медициналық мекемелер, құрал-дәрілер де бар. Мысалы, 1966ж. Ташкенттегі сілкініс – 140 медициналық мекеменің  118-ін зақымдады.

Санитарлық шығынмен қоса зілзала аймағында көптеген адамдар нерв-психикалық бұзылыстарға ұшырайды, оларға мед. көмекті көрсету оңай жұмыс болып табылмайды.

Өзіне және туыстарына төнген қауіптің тітіркендіргіш күшті әсері барлық зілзалаларда эмоционалдық реакциялар туындатады. Ол үрейлену, күшті қозу, ішкі кернеулік, тітіркенгіштік, ұйқы бұзылуы, истереоидты реакция және т.б. көріністермен сипатталады.

Осыдан-ақ көріп отырғанымыздай зілзала адамға травмалық зақымдану ғана емес, әртүрлі нерв-психикалық бұзылыстар және соматикалық, эндокриндік аурулардың өрлеуін туындатады.

Ірі қалаларда КӘУЗ таралуы нәтижесінде зілзалалардан соң жұқпа ошағы пайда болуы мүмкін (хлор, аммиак, фторсутегі және т.б.)

Медициналық жағдай ұғынықты болған соң АҚ МҚ- ның алдына кемсідей міндеттер қойылады:

  • зілзаладан зардап шеккендерге дер кезінде медициналық көмектің барша түрін көрсету;
  • зілзала аймағында құтқару жұмыстарын өткізушілерге дер кезінде мед. қызмет көрсету мен ұйымдастыру;
  • зілзаланың теріс әсерлерін (нерв-психикалық бұзылыстары мен соматикалық және эндокриндік аурулар өршуінің алдын алу) жою немесе азайту мақсатымен емдеу-профилактикалық шараларын жүргізу;
  • тұрғындар арасында жаппай індет тарауының алдын алу.

Зілзала аймағында катастрофа болған жерде зардап шеккендерге медициналық көмекті ұйымдастыру.

Біздің Отанымызда ТЖ туындаған аумақта қызмет ететін Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік бар. Оның құрамына АҚ МҚ-нің бастықтары кіреді.

ТЖ болған күннен бастап –ақ  АҚ МҚштабында тәулік бойының штаб жұмысына жауапты кезекшілік тағайындалады: барша сол жерлік медицина мекемелері, қызметкерлері кезекшілікке тартылады.

Бірінші медициналық көмек – зілзала болған аймақта өзіне өзі немесе біріне бірі көмек көрсету арқылы және аудандағы СД күшімен көрсетіледі. Сонымен қатар, бұл жұмысқа жедел және шұғыл медициналық көмек станциялары тартылады. Транспортпен тасымалданады –жақын мед.стационарға немесе амбулаторияға.

ЕТД- ның 2-ші және соңғы этапы жаралыларды қауіпсіз аймаққа (емдеу мекемесіне) жеткізу болып табылады.

Өрт болған аумақта бұл көмек түрін санитарлық дружинналықтар 2 адамнан біріге жүріп атқарады. Түтіннен табу қиын болады. Көлік өте жақын тұруы тиіс.

Алғашқы дәрігерлік және мамандандырылған  медициналық көмек – бұл да өрт болған жерге өте жақын болуы тиіс. Бұл БМКО немесе емдеу-профилактикалық мекемесінде жасалады. Күйгендер өте көп болса, күйіктік ЖЖА (БСМП) және қажет жабдықтармен күшейтілуі тиіс.

Жаз-күзде суға кету жиі болады, сонда ӨЖЖ (ИВЛ)жасауға құралдар болуы тиіс. Пневмонияны жиі шақырады. Жылыту, тыныштандырғыш, жүрек препараттарын беру жасайды. Емдік мекемелер терапевттік түрде көмек көрсетеді.

Радиоактивті заттар сақтау қоймасы және химия өнеркәсіп орындарында ірі авариялар болса, ол 2-лік зақымдау ошағын тудыра алу қабілетімен ерекшеленеді. Сондықтан оның қауіпі медициналық көмек берушілерге де қауіпті. Радиация мөлшерін өлшеу керек, 25Р-дан аспауы тиіс. Радициялануы бойынша 3 топ ажыратылады:

  • ешбір зақымдалуы жоқ адамдар;
  • аздаған сәулелену бар, бірақ зақымдалубелгісі жоқтар;
  • үлкен мөлшерде сәулеленген, сәулесоқ ауруына ұшыраған адамдар;

Жарақат алғандар мен ауруларды тасымалдаудың негізгі  құралдары жер үсті көлігі(автомобиль, теміржол), әуе көлігі (ұшақ, тікұшақ), су көлігі (теңіз, өзен) санитарлық бейімделген көліктер жатады.

Жарақаттанғандар мен науқастарды тасымалдаудың амалдары мыналар:

— иықтан;

— арқалап;

— қолмен;

— екі көтерішумен;

— автомобиль шанағында тасымалдау;

санитарлық зембілдер.

 

  • Төтенше жағдайдағы көшірме кезеңінің ұйымдастыру

Төтенше жағдай болған кезде апаттық медицина орталығының ұйымдастырылуы негізінен әр түрлі жағдайға байланысты. Соның ішінде біріншіден төтенше жағдайдың себебі, апат болған аймақтың жағдайы, зардап шеккендердің саны, құрамы, және қай мезгілде, қандай қарқынмен түскендері, медицина қызметкерлерінің тәжірибесіне, медициналық қалыптасудың мүмкіндігіне, олардың жабдықтандыруына, ауа райына байланысты .

Төтенше жағдай болған аймаққа апатта көмек көрсету қызметімен бірге шұғыл жәрдемнің дәрігерлік бригадасы, медбикелер және т.б. бригадалар жіберіледі. Олар бірінші медициналық, дәрігерге дейінгі және бірінші дәрігерлік көмек көрсетулері керек.

Төтенше жағдай болған жерге медициналық қалыптасудың жылжымалы госпитальдің түрі жіберілуі мүмкін. Олар жартылай немесе толық аман қалған емханалармен бірігіп, емдеу- көшірме жұмысымен айналысады. Сонымен қатар, бірінші дәрігерлік, мамандандырылған көмек қажет болса жоғары мамандандырылған көмек көрсетеді.

Дәрігерлік бригадалардың және емдеу мекемелерінің жұмысының көлемі мен шарты әр түрлі болады.

Емдеу мекемелері зардап шегушілерге жаппай түсуін қабылдай алады.

 

2.2  Бірінші медициналық көмекті ұйыдастыру

Бірінші медициналық көмектің маңызы зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін себептердің алдын алып жою. Неғұрлым шұғыл жәрдем көрсетілсе, соғұрлым пайдалы болады.

Апат болған аймақта бірінші медициналық көмек өзара құтқарушылармен, кіші және орта буынды медицина қызметкерлерімен, өрт сөндірушілермен, дәрігерге дейінгі көмек бригадаларымен қамтамасыз етіледі. Аймақ жұқпалы болып табылмаса, осы көмектің барлығы сол аймақта көрсетіледі. Егер аймақ жұқпалы РВ,ОВ болса бұл шаралар басқа ауданда немесе сол манайда таяу орналасқан медициналық пунктілерде көрсетіледі.

Төтенше жағдайдың болу себебіне байланысты мынандай көмектер жасалады:

  • өрттенген немесе түтінмен бықсыған киімді өшіру;
  • асодиксияны жою, тыныс органын сілекейден, қаннан тазарту;
  • жасанды ауа жіберу (ауыздан ауызға, ауыздан мұрынға);
  • уақытша бар құралдармен қан тоқтату (жгут байлау, қатты немесе қысатын танулар, жарақаттанған жерді саусақпен басу);
  • жарақаттанған немесе күйген жерге асептикалық тану жасау;
  • аяқ-қол сынған немесе күйсе иммобилизациялау;
  • жүрекке тура емес массаж;
  • ауруды жеңілдететін, құсыққа қарсы дәрі-дәрмек қолдану;
  • қатты суынғаннан немесе немесе қатты қызудан сақтандыру үшін сусындар (чай, кофе) беру;
  • науқасты көшіруге дайындау және бақылау;

Ядролық апат болған жағдайда:

  • радиоактивтік заттардың ішкі организмге ауамен, сумен, тамақпен кетіп қалмауын жоятын шаралар;
  • ішкі сәулемен жараланбас үшін ластанған аймақтан көшіру;
  • иодтық профилактика;
  • профилактикалық құралдарды қолдану шаралары өткізіледі;

Биологиялық заттармен ластанған ошақтан жаппай жұқпалы аурумен запа шеккендерге бірінші медициналық көмектің түрлері:

  • қолдағы немесе табельдік құралдарды пайдалану;
  • температурасы көтерілген, жұқпалы ауруға күмәнділерді бөлектеу;
  • шұғыл арнайы мамандандырылмаған профилактика;
  • жартылай немесе толық санитарлық бақылаудан өткізу;

Бірінші медициналық көмек көрсетілген кезде медициналық іріктеу өткізіледі: өртенген киім болса, қан тоқтамаса, шок болса, асфиксия, жамбастың ашық сынған түрлері, ашық пневматоракс және басқалар; екінші кезекте — 20% ға жуық денесінің күйігі барлар, ашық және жабық сүйектің сынығы бар және т.б. аурулар.Бұлар жағдайлары киын болса да, өміріне қауіп жоқтар; көшіруді немесе тасымалдауды қажет ететіндер; жеңіл жарақат алғандар;

Бірінші медициналық көмекті үйрету кезінде медико-санитарлық дайындықтан басқа, төтенше жағдайда көрсетілетін көмектің әдістеріне назар аударған өте меңызды.

 

  • Алғашқы дәрігерлік медициналық көмекті ұйымдастыру

Алғашқы дәрігерлік көмек аурудың өміріне төнген қауіптің алдын алу, жарағы инфекция кіргізбеу және оларды көшіруге дайындаудан тұрады.

Алғашқы дәрігерлік көмектің толық көлемі шұғыл және кейінге қалдырылған шаралардан тұрады.

Шұғыл шараларға:

  • сыртқа қан кетуді толық тоқтату;
  • профилактика және шокпен күрес (ауруды жеңілдететінсұйықтықтар құю);
  • тыныс органдарының өту жолдарын қалпына келтіру және бір қалыпта ұстау (трахестомия, тілдің фиксациясы және т.б.);
  • аппараттық әдіспен өкпеге жасанды ауаны айдау, кислородты терапия;
  • жүректі уқалау;
  • көлікті иммобилизацияны басу және түзеу;
  • көлікті ампутация;
  • зәр жүрмегенде зәр жүргізетін функция жасау, катетеризация;
  • инфексиялық жараға профилактика ( антибиотиктер егу);
  • шұғыл терапевті көмек;
  • акушер-гинекологиялық көмек (гемостаз,мерзімінен бұрын болған туу, жүктілікті сақтап қалу);
  • ауруларды көшіруге дайындық шаралары жатады.

Алғашқы дәрігерлік көмекті кейінге қалдырған жағдайда:

  • Бірінші медициналық және дәрігерге дейінгі көмектің кемшіліктерін жою;
  • орташа зардап шеккендерге новокаинды блокада өткізу;
  • антибиотиктер егу және сіреспеге профилактика жүргізу шараларын жасайды.

Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге арналған медицина апат орталығының жылжымалы қалыптасуына шұғыл медициналық көмектің дәрігерлер бригадасаы, дәрігер – медбикелер бригадасы, медициналық отрядтар кіреді.

Дәрігерлер бригадасының құрамына 1 дәрігер, 1 фельдшер, 1 жүргізуші-санитар кіреді. Төтенше жағдайда бұл бригада 12 сағат жұмыс уақытында 50 ауруға дейінкөмек береді. Негізгі жұмыстары  медициналық іріктеу, бірінші дәрігерлік көмек және көшіруге дайындық.

Төтенше жағдайда шұғыл жәрдемнің жетекшісі апат болған жерге келген соң құтқару жұмысын жүргізетін штабпен байланысады, және келесі міндеттерін орындайды:

  1. Шұғыл жәрдемнің автокөлігі тұрған тұрақты анықтайды;
  2. Дәрігерлердің ішінен медициналық іріктеу жүргізетін жетекшіні және оның жұмыс орнын белгілейді;
  3. Басқа құтқару қызметімен тығыз байланыста болады;
  4. Ауруларды іріктеу пунктіне жеткізуді ұйымдастыру;
  5. Құтқару жұмысы аяқталғанша сол орнында болады.

Дәрігер – медбикелер құрамына 1 дәрігер, 3 медбике ( біреуі аға медбике), 1 санитар  және санитар жүргізуші жұмысқа арналған  медициналық мекемелерде арнайы бір орында болады.

Төтенше жағдайдың сыртында:

  • бригада үнемі теориялық білімін жетілдіріп, шұғыл медициналық көмек көрсетуге тәжірибе жинау керек.

Төтенше жағдай болған кезде:

  • уақытында жиналып, апат болған аймаққа жету;
  • бірінші дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастыру;
  • медициналық ірітеуді ұйымдастыру;
  • зардап шеккендерді көшіруді ұйымдастыру.

Бригаданың дәрігері жоғары мамандандырылған болуы тиіс.

Міндеті:

  • арнайы бригада дайындап, олардың жұмысқа дайыдығын бақылау;
  • бригаданы табельдік заттармен қамтамсыз ету;
  • бригаданы жұмыс орнына уақытында жеткізу;
  • жаңа диагностика әдістерін және емдеу әдістерін білу;
  • ауруларды көшіруді ұйымдастыру.

Бригада дәрігерге бағынады.

Аға медбике дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді, уақытында дәрігердің тағайындаған емдерін жасайды және ауруларды тіркейді.

Медбикелер  —  дәрігерге дейінгі мед. көмек көрсетеді, көшіруге дайындық, қажет жағдайда аурумен еріп жүреді.

Санитар мен жүргізуші дәрігер мен аға медбикеге бағынады.

Медициналық отряд —  бұл отряд дәрігерге дейінгі, алғашқы дәрігерлік мед.көмекті, медициналық іріктеу, ауруларды көшіру ұйымдастырады.

Төтенше  жағдайда:

  • уақытында жиналып, апат болған жерге жету;
  • зардап шеккендерді көшіру (өз күшімен) тіркеу, қабылдау, мед. іріктеу;
  • қажет жағдайда жартылай санитарлық тазарту;
  • дәрігерге дейінгі, алғаш дәрігерлік көмекті ұйымдастыру;
  • көшіруге дайындау;
  • медициналық есеп жүргізуге міндетті.

   Бірінші медициналық көмектен кейін аурулар, келесі медициналық көшірменің  кезеңіне (госпитальді) көшіріледі. Мұнда мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсетіліп, толық айыққанша болады

Төтенше жағдайдағы медициналық көмектің негіздері.

Төтенше жағдайда апат болған жерде емдеу көшірме жұмысы ұйымдастырылады. Бұл – медико-санитар бөлімі. Негіздері: жарақаттанушыларды іздеу, оларға алғашқы көмек көрсету; апат болған жерден шығару.

Төтенше жағдайды медицинамен қамту шараларын ұйымдастырудың негізгі себептері:

  • практика бойынша бір кезде немесе өте қысқа мерзімде зардап шегушілердің үлкен көлемде санитарлық шығыны туындайды.
  • көптеген зардап шегушілер бірінші медициналық көмекті қажет етеді, кейбіреулернің өміріне қауіп төнуі мүмкін.
  • көбінесе зардап шегушілерге жоғары медициналық көмек және госпитальдік емдеу қажет.
  • апат болған жерге жақын маңайда орналасқан денсаулық сақтау бөлімінде медициналық құрал мен күштің жетіспеуі.
  • жоғары мамандандырылған көмекті көрсетуге жағдай жоқ, сол себептен емдеу мекемесіне көшіру қажет.

Емдеу жүйесінің маңызы ауруларға медициналық көмекті дер кезінде көрсету.

Төтенше жағдайда зардап шеккендерге (ауруларға) медициналық көмек пен емдеу медициналық қалыптасу мекемелерінде және т.б. көшіру жолында орналасқан медициналық мекемелерде жасалады. Бұндай мекемелерді медицина көшірмесінің кезеңдері деп атайды.

 

2.4  Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру

Мамандандырылған медициналық көмекті дәрігер-хирург (мамандандырылған хирургия), дәрігер терапевт (мамандандырылған терапия) көрсетеді. Бұл көмектің негізі аурудың өміріне төнген қауіптің алдын-алу, жою, әрі қарай көшіруге жағдай жасау.

Мамандандырылған хирургиялық көмектің шұғыл шаралары:

  • асфлексияны жою, тыныс мүшелерінің қызметін қалпына келтіру;
  • сыртқы және ішкі қан кетуді толық тоқтату;
  • қан жоғалтқанда, шокқа, токсикозға комплексті терапия;
  • ауыр дәрежеде күйік алған кеудеге, аяқ-қол, саусақтарға, қан айналымы, тыныс алу мүшелері нашарлағанда некретомия;
  • профилактика және анаэробтік инфекцияны емдеу;
  • хирургиялық тазалау және жараны тік ішектер жабық жарақаттанғанда лапартомия жасау;
  • бас сүйектері мен қабыршықтар жарақаттанғанда компрессионды трепанация жасайды;

Мамандандырылған терапиялық көмектің шұғыл шаралары:

  • сарысу және антидоттар құю;
  • жүрек соғысы бұзылғанда, тыныс алу мүшелері бұзылғанда комплексті терапия;
  • жеңілдететін, құсыққа қарсы, тырысқаққа қарсы дәрілер құю;
  • реактивті жағдайда транквилизатор пайдалану.

Жоғары мамандандырылған медициналық көмек — бұл ең жоғары медициналық көмек. Медициналық мекемелерде жоғары мамандандырылған дәрігерлер көрсетеді. Бұл көмек медициналық жабдықтандыру және арнайы медициналық құралдардың көмегімен жасалады.

Жоғары мамандандырылған медициналық көмек Республикалық, облыстық кең профильді қалалық денсаулық сақтау органынан және аудандық емханалар, шұғыл медициналық көмектің емханаларынан, медицина жоғары оқу орындарының клиникаларынан, дәрігерлерді жетілдіру институттарынан құралады. Қажет жағдайда жоғары мамандандырылған медициналық көмек үнемі жұмыс істейтін режимге ауыстырылады. Ұдайы жұмыс істейтін жоғары мамандандырылған медициналық көмек төтенше жағдайда зардап шеккендерге 1 сағаттың ішінде жету керек.

Негізгі бригаданың құрамын өзгерту және тағайындау қалыптастыру мекемесінің қаулысымен жарияланады. Әр бригаданы медициналық құралдармен жабдықтау, санитарлық, шаруашылық құралдарымен қамтамасыз ету қалыптастыру мекемелірне жүктеледі.

Бригаданың әр уақытта төтенше жағдайға дайын болуына медицина апат орталығы жауап береді.

Жоғары мамандандырылған медициналық көмектің хирургиялық түрі: құрамында бригаданың жетекшісі  -1 (дәрігер-хирург),дәрігер- хирургтер – 2, дәрігер – анестезиолог – реаниматолог – 1,медбикелер(операциялық) – 2, медбике(анестезист) -1, медбике (гипстік) – 1. Барлығы 8 адам. Жұмыс уақыты 12 сағатқа созылады.

Хирургиялық көмектің көлемі:

  • ауруларды клиникалық саймандармен тексеру;
  • шокқа қарсы шаралар,
  • жараны хирургиялық тазалау;
  • ішек-қарын және тыныс мүшелер жарақаттанғанда жылдамдық таныту;
  • бактерияға қарсы терапия;
  • трансфузионды терапия.

Травматологиялық бригаданың көмегі:

Бұл көмектің түрі аурулардың механикалық жарақат алғандарына жасалады.

Құрамында: бригаданың жетекшісі (дәрігер-травматолог) – 1, дәрігер-травматолог – 1, дәрігер- анестезиолог- реаниматолог  — 2, медбикелер (операциялық) – 2, медбике (тану)- 1, медбике (анестезист)-1, барлығы – 7 адам болады.

Көлемі:

  • ауруларды клиникалық саймандармен тексеру;
  • шокқа қарсы шаралар;
  • иммобилизация, жеңілдету;
  • остееосинтез операциясы;
  • бригаданың жұмысын анестезиолог және реанимациямен қамтамасыз ету.

Жұмыс уақыты 12 сағатқа созылады.

Нейрохирургиялық көмек —  бас сүйегі жараланған, ми қабыршықтары зақымданғанда және омыртқа жараланған ауруларға көмектеседі. Құрамында бригаданың жетекшісі (дәрігер-нейрохирург) – 1, дәрігер-нейрохирург- 1, дәрігер- анестезиолог –реаниматолог – 1, операциялық медбикелер -2, медбике анестезист -1, барлығы 6 адам. Жұмыс уақыты 12 сағат.

Көлемі:

  • нейрохирургтік профильді ауруларды клиникалық саймандармен тексеруден өткізу;
  • бірінші хирургиялық тазалау,
  • бас сүйектің сынықтарын жою;
  • жараның аузына трепенация жасау;
  • мидың шайқалуына және езілуінежол бермеу;
  • омыртқа, жұлындағы гемотомды жою;
  • бригаданың жұмысын анестезиолог пен реанимациямен қамтамасыз ету.

Күйік бригадасы.

Бұл көмек күйік шалған ауруларға жасалады.

Құрамында: бригаданың жетекшісі (дәрігер-хирург-комбустиолог)-1, дәрігер-хирург (комбустиолог) – 1, дәрігер – анестезиолог-реаниматолог – 1, операциялық медбикелер -2, медбике анестезист – 1, барлығы -6 адам.

Көлемі:

  • күйген ауруға профилактика, емдеу жараларын жүргізу;
  • интенсивті инфузия –трансфузия дезинтоксикация терапиясын өткізу;
  • хирургиялық тазалау жүргізу күйік шалған жерге және аутодермопластика қолдану.

Жұмыс уақыты 12 сағат.

Балалар хирургиялық бригадасы.

Балаларға арналған хирургиялық көмек.

Құрамы: бригада жетекшісі (балалар дәрігері-хирург) – 1, дәрігер (балалар хирургі, травматолог, ортопед) -1, анестезиолог-реаниматолог-1, операциялық медбикелер -2, медбике анестезист-1, медбике (тану)-1. Барлығы 7 адам.

 

 

Көлемі:

  • хирургтік профильді ауру балаларға клиникалық саймандармен тексеруден өткізу;
  • шокқа қарсы шаралар;
  • жараны хирургиялық жолмен тазалау;
  • трансфузия, бактерияға қарсы терапия;
  • анестезиолог және реанимациямен қамтамасыз ету.

Акушер – гинекологиялық бригада.

Акушер-гинекологиялық көмекті қажет ететін ауруларға арналған.

Құрамы: бригада жетекшісі (дәрігер акушер-гинеколог) – 1, дәрігер акушер-гинеколог — 1, дәрігер анестезиолог-1, акушерка -1, операциялық аға  медбике -1, медбике анестезист-1, медбике (балалардың) -1. Барлығы 7 адам.

Көлемі:

  • акушер-гинекологтік профильді зардап шеккендерді клиникалық саймандармен тексеруден өткізу;
  • жатырдан қан кетсе жатырды тазалау;
  • шұғыл туыт қабылдау,
  • шұғыл жасанды туыт қабылдау (кесараво сечение);
  • жатырға операция жасау;
  • анестезиолог пен реанимациямен қамту.

Жұмыс уақыты 12 сағат.

Токсика – терапевтік бригада.

Химиялық заттармен уланған ауруларға арналған.

Құрамы: бригада жетекшісі (дәрігер-анестезиолог-реаниматолог-токсиколог) -1, дәрігер-токсиколог – 1, медбике анестезист- 1, фельдшер -2. Барлығы 5 адам.

Көлемі:

  • интенсивті терапия және реанимация шаралары;
  • антидотты терапия;
  • интенсивті детоксикация;

Жұмыс уақыты 12 сағат.

Радиолог-терапевтік бригада.

Радиацияға шалдыққан ауруларға арналған.

Құрамы: бригада жетекшісі ( дәрігер радиолог) -1, дәрігер – педиатр -1, дәрігер невропатолог-1, медбикелер -3, фельдшер – лаборант – 1, лаьорант-дозиметрист -1. Барлығы 8 адам.

Көлемі.

  • бактерияға қарсы терапия;
  • геморагияға қарсы терапия;
  • анемия және гипопротенемиямен күрес;
  • симптомдық емдеу;

 Жұмыс уақыты 12 сағат.

Инфекциялық бригада.

Жұқпалы ауруларға арналған.

Құрамы: бригада жетекшісі (дәрігер-инфекционист)-1, дәрігер (терапевт-инфекционист) -1, дәрігер (педиатр)-1, медбикелер – 3.

Барлығы 6 адам.

Көлемі:

  • емдік сары су құю, иммундық дәрілер құю;
  • бактерияға қарсы терапия;
  • дезинтоксикация;
  • симптомдық емдеу.

Сонымен ауруларға мамандандырылған медицина және жоғары көмек көрсету үшін медициналық көмек көрсету үшін медицина апат орталығы емдеу мекемелерін дайындау үшін әртүрлі шаралар жүргізеді.

 

 

 

III тарау. Медициналық көшірменің жұмысын ұйымдастыру және кеңейту

Медицина апат орталығының жұмысының ұйымдастырылуы және маңызы төтенше жағдай болған кезде төтенше жағдайдың себебіне, орналасқан аймаққа, зардап шеккендердің санына, түскен уақытына, медицина тәжірибесіне, медициналық қалыптасудың мүмкіндігіне байланысты.

Апат болған аймаққа құтқару бригадалары, шұғыл жәрдемнің дәрігерлер бригадасы, дәрігер – медбикелер бригадасы және т.б. бригадалар жіберіледі.

Төтенше жағдайда медицина апат орталығының жылжымалы госпитальді түрлері, медициналық отрядтары, сонымен қатар жартылай және толық бүтін қалған емханлар жұмыс істейді.

Жалпы емдеу-көшірмеменқамту жүйесінде кеңейтілген емханалар, медициналық мекемелер бірінші, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсетеді.

Дәрігерлер бригадасының және емдеу мекемелерінің жұмысының көлемі мен шарты әр қалай болады. Емдеу мекемелерінің жұмысын кеңейту үшін мемлекет арнайы қор бөледі. Емдеу мекемелері (госпиталь, отрядтар) көптеп түскен ауруларды қабылдай алуы керек.

 

3.1 Медициналық көшірмедегі мамандандырылған көмектің жұмысын ұйымдастыру және кеңейту

Кеңейту салалары:

  • іріктеу-көшірме бөлімдері: іріктеу орны, іріктеу алаңы, аур дәрежедегі ауруларды іріктеу және көшіру, жеңіл жарақат алғандарды іріктеу, тану және көшіру;
  • арнайы тазарту бөлімі;
  • операция-тану бөлімі, операция бөлімі, тану бөлімі, шокқа қарсы бөлімі, рентген кабинет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

— госпиатльді бөлім: интенсивті терапияның палаталары, анаэроб палаталары, изоляторлар, зертханалар.

  • медицина жабдықтау бөлімі (дәріхана, медициналық заттардың қоймасы, зарасыздандыру бөлімі).

Іріктеу-көшірме бөлімдері қабылдауға, медициналық іріктеуге, түскен ауруларды тіркеп, оларға қажет медициналық құжаттар толтыруға, санитарлық тексеру жүргізуге, медициналық көмек көрсетуге, ауруларды басқа емдеу мекемелеріне көшіруге арналған.

Іріктеу пункті алаңға кіре берісті орнатылады. Қызыл крестің және «тоқта», «іріктеу орны» деген жазуы бар қалқанмен, байланыс құралы бар.

Санитарлық бөлім – аурудың гигиенасын қамтиды, қажет жағдайда санитарлық тазалау жүргізеді. Бұл бөлімде киінетін, шешінетін, жуынатын жер болуы керек.

Көшіру бөлімдері – басқа емдеу мекемелеріне көшірілетін ауруларды орналастыруға арналған.

Операция-тану бөлімі – операция, тану, интенсивті терапия палаталары және құрғату бөлімі.

Госпитальді бөлімде – төсектер, зембілдер және т.б. құралдармен жабдықталған.

Анаэроб – бұл стационар мен тану бөлімнен тұрады. Бұнда хирургиялық емге дайындайды, операция жасайды.

Госпитальді палаталарға жіберілгенше емдейді. Анаэроб палатасының құралдары арнайы белгіленеді, оның ішінде медициналық халат та бар.Пайдаланған  соң арнайы өндеуден өтеді.

Изолятор  — жұқпалы ауруларды жекелеуге арналған. Оған арнайы дәрігер тағайындалады. Әрбір изоляторда жеке дәретхана болады.

Медицинамен жабдықтау бөлімі – мұнда медициналық құралдарды сақтайды және бөлімшелерге бөледі, дәрілер, әртүрлі ерітінділер дайындайды.

Әдетте көптеп түскен ауруларды қабылдап және оларға мамандандырылған медициналық көмек көрсетілген соң палаталардың сыйымдылығы азаяды.

Сонымен қатар операция – тану  бөлімдерінде төсек саны өседі, физио – терапевтік кабинеттер және денешынықтыру кабинеті кеңейтіледі.

Ауруларға мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезеңінде тамақпен қамтамасыз етеді.

 

3.2    Көп салалы жылжымалы госпиталь

Госпиталь – апат медицина орталығының көп салалы емдеу мекемесі болып келеді. Госпиталь төтенше жағдайда зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсетуге арналған. Госпиталь төтенше жағдай болған аймақта 15 тәулікке дейіне қызмет көрсете алады. Қажет жағдайда госпиталь радиоактивті ошақтан түскен ауруларға да медициналық көмек көрсетеді.

 

3.2.1. Көп салалы жылжымалы госпитальдің міндеттері.

Төтенше жағдайда госпитальдің жұмысы 2 кезеңнен тұрады.

  1. Төтенше жағдайдың ошағынан түскен аурулармен госпиталь толған кезде, іріктеу диагностика қызметі және алғашқы медициналық, шұғыл мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезеңі.
  2. Төтенше жағдайдың ошағынан аурулар түсіп біткен және алғашқы мамандандырылған медициналық көмек берілген кезден басталады. Қажет болған ағдайда жоғары мамандандырылған медициналық көмек және емдеу жоспарланады.

Табиғи және техногенді сипатты ірі төтенше жағдай болған аймақтан аурулар көптеп түскенде, зардап шеккендерге медициналық көмек берілмеуі мүмкін. Бұл кезде медициналық көмектің көлемі алғашқы дәрігерлік, мамандандырылған медициналық көмектің шұғыл шараларына дейін қабылдау, іріктеу, басқа стационарға көшірілгенше дейін қысқартылады.

Госпитальда 150 штатты төсек бар, төтенше жағдайда 200-ге дейін ауруларды емдейді. Госпиталь далада жайғасады, кеңейту орнына көліктің бар түрімен жылжиды.

Госпиталь төтенше жағдай болған жерге денсаулық органының жетекшісінің және апа медицина орталығының  директорының нұсқауымен жіберіледі.

Негізгі міндеттері:

  • іріктеу, санитарлық тазарту;
  • медициналық көмек;
  • басқа емдеу мекемелеріне көшіруге дайындық;
  • ауруларға шаруашылық – тұрмыстық қызмет көрсету.

 

  • Ұйымдастырулық –штаттық госпитальдің құрылымы

Ұйымдастырулық  -штаттық госпитальдің құрылымын апат медицина орталығының директоры қалыптастырады да, Қазақстанның Денсаулық сақтау органының басшылығымен бекітіледі:

Госпиталь

  • басқарма;
  • бригада – құрамында 6 штаттық (іріктеу-диагностика, хирургтік, анестезиологиялық, терапевтік, нефрологиялық, оксигенация) және 15 штаттық емес мамандандырылған емдеу мекемелерімен қалыптасқан бригадалардан тұрады.

Мамандандырылған бригадалардың құрамы:

  • ортақ хирургия -2;
  • травматология;
  • нейрохирургия;
  • урология;
  • жақ пен бет;
  • күйік;
  • терапия;
  • психоневрология;
  • отоларингология;
  • офтальмология;
  • токсикология;
  • рентгенология;
  • дәріхана;
  • санитарлық тазарту;
  • санитар-зембілшілер.

Штат бойынша госпитальда 156 адам. Соның ішінде 1/3 бөлігі штаттық, 2/3 бөлігі штаттық емес жұмысшылар. Госпитальда әр түрлі саладағы маман-дәрігерлер: ұйымдастырушылар, хирургтер, нейрохирург, уролог,комбустиолог, терапевттер, радиологтар,  невропатологтар, гинекологтар, психоневрологтар, невропатологтар, токсикологтар, анестезиолог-реаниматолог, рентгенолог, клиникалық лаборанттар, провизорлар қызмет етеді.

Орта буынды медицина қызметкерлерінен штат бойынша госпитальда фельдшерлер, аға операциялық медбикелер (анестезист), медбикелер, лаборанттар және фармацевттер бар.

 

  • Негізгі госпиталь бөлімшелерінің міндеттері

Госпитальді басқару – госпитальдің толық жұмысын басқарады және ұйымдастырады.

Госпитальдің  бас дәрігері кадрлар таңдайды, оларды госпитальдің жұмысымен таныстырып, кеңейтуді ұйымдастырады.

Төтенше жағдайда бас дәрігер бригада жетекшілерімен бірге жылжымалы госпитальдің бөлімдерін орналастырып, оларды қажет заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

Медицина бөлімі. Госпитальдің емдеу диагностика бөлімдері мен дәріхана жұмыстарын ұйымдастырады. Олардың жұмыс тізбесін бекітеді. Госпитальға  түскен зардап шегушілерге медициналық іріктеу және алғашқы дәрігерлік, мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады. Госпитальдің медициналық құжаттарын, кезекшілердің тізбесін, госпитальда жатқан ауруларға алфавиттік кітап және карталар толтырады. Госпитальдің ас үйі мен асханасының тазалығын, сақтауды бақылайды. Ауруларды диеталық тамақпен қамтиды.Басқа емдеу мекемелеріне ауыстырылатын ауруларды көшіруді ұйымдастырады. Техникалық құралдармен қамту бөлімі. Госпитальді уақытында азық-түлікпен, сумен, отынмен, қажет шаруашылық, тұрмыстық заттармен қамтамасыз етеді.

Штаттық емдеу – диагностика бөлімі.

Госпитальдің емдеу – диагностика бөліміне сәйкес бөлімшелерді кеңейтеді. Штаттық емес мамандандырылған мекемелер:

Базалық емдеу-мекемелерінің мамандарынан құралған.Бұлар госпитальда график бойынша кезекшілік етеді, қажет болса төтенше жағдай болған аймаққа барады.

Іріктеу-диагностика бөлімі:

Құрамына қабылдау-іріктеу, көшіру бөлімі, рентген кабинет және төтенше жағдайда зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіп, медициналық көшірме кезеңінде дайындық жасайтын бригадалар кіреді.

Хирургия – анестезиология бөлімі:

Операция тану, шокқа қарсы бөлімдерді кеңейтуге, хирургиялық көмек көрстеуге арналған.

 

Терапевтік бөлімі.

Құрамына операциядан кейінгі ауруларды жатқызып емдейтін төсек, сәулемен ауырған ауруларға арналған төсектер және емдеу мерзімі аяқталған ауруларды көшіруге арналған палаталар кіреді.

Анестезиология бөлімі.

Хирургиялық араласуға және шокқа қарсы реанимациялық шараларды анестезиологтармен қамту.

Нефрологиялық бөлімі.

Төтенше жағдайда алған жарақаттың салдарынан шокті болған ауруларға «детоксикация» шараларын жасайды.

Экзогендік заттармен уланған ауруларға соның салдарынан бүйрек жұмысы нашарлаған ауруларға уды сыртқа шығаруға жағдай жасайды.

Бұл саланың мамандары «Жасанды бүйрек» патологиясын қабылдау дайындығын кеңейтеді.

Пигербариялық оксигенация бөлімі.

Жедел және сөзылмалы кислородтың жетіспеушілігінен ауырған ауруларды емдеуге арналған.

Бұл бөлімнің аппаратуралы операция-тану, шокқа қарсы бөлімдерде кеңейтіледі және реанимациялық, шокқа қарсы шаралар жүргізгенде қолданылады.

Мамандандырылған бригаданы палаталарға бөлу:

  • іріктеу диагностика – рентген, зертхана, санитарлық, санитар-зембілшілер.
  • хирургия-ортақ хирургия, травматология, нейрохирургия, урология, күйік, отолариногология, гинекология.
  • анестезиология-анестезиолог.
  • терапевтік-терапевт, психоневролог, токсиколог, офтальмолог.
  • неврология- госпитальдің штатты мамандары.
  • гипербария – госпитальдің штатты мамндары.
    • Госпитальді кеңейту принциптері

Жылжымалы госпитальдің ауданын кеңейту жағдай болған аймаққа келген госпитальдің бастығы немесе апат медицина орталығының штабының бастығымен бекітіледі. Олар төтенше жағдайға баға беріп, зардап шеккен халыққа көмек беру шараларын жасайды.

Госпитальді кеңейту аланын таңдағанда

  • госпитальді орналастыруға ортақ жоспарын;
  • көшірудің бағытын, госпитальға жететін жолдар;
  • судың көзі, бұлақ, қайнардың қай жерде екені ескеріледі.

Жылжымалы госпитальді орналастыратын алаңның көлемі 500х600м. болуы керек.

Госпитальға зардап шегушілердің бірінші ағынын қабылдау үшін 2-3 сағат, ал толық қабылдау үшін 5-6 сағат дайындық қажет.

Госпитальді кеңейту принциптері:

  • Іріктеу – диагностика және көшіру бөлімдері. Бұл бөлімде 150 ауруға дейін орналасуы тиіс. Құрамы 3-4 қабылдау, іріктеу-диагностика, 1-2 көшірме талаптары, санитарлық тазалықтан өткізетін бөлімдерге кеңейтіледі.
  • Операция –тану және шокқа қарсы бөлімдері.

Құрамы операция, 2 шокқа қарсы және токсикация бөлімдеріне кеңейтіледі.

  • Госпиталь бөлімі.

Құрамы палаталар:

  • хирургтік;
  • терапевтік;
  • изолятор;
  • гинекологиялық;
  • анаэроб;
  • мәйітханаларға кеңейтіледі.

Рентген және зертхана кабинеттері іріктеу-диагностика және көшіру бөлімдерінде орналасады.

 

  • Госпитальдің функционалдық бөлімшелерінің қызметтерін ұйымдастыру

Іріктеу- диагностика және көшіру бөлімі.

Міндеттері:

  • госпитальға түскен ауруларда қабылдау, орналастыру, тіркеу;
  • медициналық іріктеу,
  • шұғыл медициналық жәрдем көрсету, басқа емдеу мекемелеріне көшіруге дайындау;
  • санитарлық тазарту;
  • ауруларды бөлімнен госпитальдің функционалдық бөлімшелеріне жеткізу;
  • басқа емдеу мекемелеріне көрсетілетін ауруларды күту.

Бөлімнің қызметкерлері:

  • бөлім бастығы — дәрігер хирург -1;
  • дәрігер терапевт – 1;
  • аға медбике – 1;
  • медбике -2;
  • рентген кабинетінің бастығы -1;
  • рентген лаборант – 1;
  • лаборатория бастығы – 1;
  • клиникалық лаборант -1;
  • санитар-зембілшілер –фельдшер – 1;
  • санитар- дезинфектор – 1;
  • санитар- инструктор- 1;
  • санитар – зембілші -1.

Бөлімде ауруларға көмек көрсетуге арналған медициналық құралдар, дәрі-дәрмектер болуы керек. Ауруларды күту үшін арналған ыдыс-аяқ және т.б. заттар болды.

Операция-тану, шокқа қарсы бөлім.

Міндеттері:

  • аралас жарақат алған ауруларды, соның ішінде механикалық жара басты боп келетін ауруларды госпитальға жатқызу;
  • ауруларға мамандандырылған және жоғары мамандандырылған хирургиялық көмек көрсету;
  • белгіленген мерзімді ауруларды емдеу;
  • емдеу мерзімі аяқталған ауруларды көшіруге дайындау;

Хирургиялық бөлімінің штаттық құрамы:

3 хирургиялық бригададан – 2 дәрігерден, немесе 2-2 дәрігерден және 3-1 дәрігерден тұрады.

Жұмыстың көлемі және уақыт аурулардың госпитальға түсуіне және көрсетілген көміктеріне байланысты болады.

Шокқа қарсы көмек – шокқа қарсы бөлімдерді анестезиологтармен, реаниматологтармен қамтиды және көмек береді. Операциялық бөлімде аурулар көптеп түскен кезде 4 операциялық стол орнатылады. Бірінші кезекте асфиксиямен, қан тоқтамаған және өмірге қауіп төндіретін органдары жараланған ауруларға операция жасалады. Операциялық аға медбике операция, тану, шокқа қарсы жұмыстарын ұйымдастырады, залалсыздандырылған материалмен, қажет ерітінді, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етеді. Қажет етсе заласыздандыру столында операциялық медбикелерді ауыстырады.

Анестезиология бөлімінің бастығы өзінің қызметкерлерімен ауруларды операцияға дайындайды, наркозға дайындық, шокқа қарсы, реанимациялық шаралар жасайды.

 

Тану бөлімі.

Тану бөлімінде аурулар көптеп түскен жағдайда 4 стол орнатылады;

Бет- жақ сүйектері жараланған ауруларға стаматологтың көмегімен, аяқ-қол саусақтар жараланғандарға және күйік шалған ауруларға арналған.

Шокқа қарсы бөлім.

Шокқа қарсы бөлімінде – шокқа қарсы және реанимациялық көмектер жасалады.

Шокқа қарсы бөлімді жабдықтандыру үшін анестезиология жинағы, наркоз беретін, өкпеге жасанды ауа жіберетін аппаратуралар, баллондар, залалсыздандырушы, тану столы, қол жуғыш, флакон ұстағыш және т.б. қажет заттармен қамтамасыз  етеді.

Госпитальді бөлім.

Міндеттері:

  • ауыр және орта дәрежедегі жедел сәулемен ауырған ауруларға, механикалық және күйген ауруларға мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсету, госпитальға жатқызу;
  • жүйкелері, психикасы бұзылған ауруларды жекелеу, емдеу;
  • операциядан кейінгі, анаэроб инфекциясымен ауырған ауруларды емдеу;
  • жүкті әйелдер, туыт кезінде қосымша көмектер көрсету;
  • жұқпалы ауруларды жекелеу, оларды басқа жұқпалы емдеу мекемелеріне көшіру;
  • іріктеу-диагностика, көшіру, операция-тану, шокқа қарсы бөлімдерінің дәрігерлеріне консультациялық көмек беру;
  • госпитальда диеталық тамақты бақылау;
  • емдеу мерзімі аяқталған ауруларды көшіру;
  • патология-анатомиялық және сот-медициналық мекемелерге жіберілгенше мәйітханада өлген адамдарды сақтау.

 

Мәйітхана.

Госпитальді бөлімде лагерьлік палатада кеңейтіледі, патология-анатомиялық және сот – медициналық мекемелерге жіберілгенше өлген адамдарды сақтауға арналған.

Рентген бөлімі.

Рентген кабинеті іріктеу- диагностика және көшіру бөлімдерінің алаңында орналасады. Кабинет рентгенттік аппаратураларымен және де басқа жұмысқа қажет құралдармен жабдықталған.

Төтенше жағдайда рентген бірінші кезекте шұғыл хирургиялық көмек қажет ететін ауруларға қызмет етеді. 15-16 сағат ішінде рентген кабинеті 80 ауруға дейін қадылдай алады.

Зертхана кабинеті.

Ауруларға дәл диагноз қоюға, мамандандырылған көмек көрсету және емдеу үшін лабораториялық зерттеулер жүргізеді.

Кабинетте қанды, зәрді, ккалды зерттеу үшін арнайы орныдар бөлінеді.

Лабораториялық ыдыстарды, құралдарды жуатын орын болады.

Төтенше жағдайда көптеп түскен ауруларға лабораториялық зерттеулер жүргізеді:

  • шокті жағдайдағы аурулардың эритроцит пен лейкоциттінің санын анықтайды;
  • іштей жараланғандардың айналған қанының көлемін, хлорид-күйгендерден – қан анализін, дәрі анализін алады;
  • сәулеге шалдыққандардан – лейкоциттің санын анықтайды.

Госпитальға аурулар түсіп болған соң, және емдеуге кіріскенде зертханалар толық көлемде  клиникалық зерттеулер жасайды.

Дәріхана.

Міндеттері:

  • госпитальдің функциональдық бөлімдерінің медициналық заттарың сақтайды, қабылдайда бөледі.
  • госпитальдің бөлімшелеріне дәрі, ерітінділер дайыдайды, бөлімшелерді емдеу дәрі-дәрмектерімен қамтиды;
  • дәрі дәрмектің дұрыс сақталуына, қолданылуына бақылау жасайды, есеп жүргізеді.

Дәріханада дәрі қағаз қабылдайтын, дәрілер жіберілетін, ерітінділер жасайтын, ассистент, жуатын орындар болуы керек.

Төтенше жағдайда дріхана 300л. дейін залалсыздандырылған ерітінділер (5% глюкоза ерітіндісі,  0,9 % натрий хлорид ерітіндісі, новокаин ерітінділері) жасауы тиіс.

Дәрілер дәрі қағазбен беріледі. Дәрі-дәрмек, медициналық құралдар госпитальдің бас дәрігерінің рұқсатымен жіберіледі.

 

  • Шаруашылық жабдықтармен қамтамасыз етілуі

Шаруашылық жабдықтармен қамту жұмысын госпитальдің бас дәрігерінің  орынбасары атқарады.

Міндеттері:

  • азық-түлік, мүлік, отын және т.б. шаруашылық заттармен қамту, сақтау.
  • емделіп жатқан ауруларды, госпитальдің қызметкерлерін тамақтандыру;
  • сумен қамтамасыз ету;
  • монша, кір жуатын орынмен қамту;
  • жарықпен, байланыспен қамту, госпиталь ішінде және апат медицина орталығымен байланыстыру;
  • госпитальға күзет ұйымдастыру;
  • өртке қарсы шаралар ұйымдастыру.

 

 

 

IV- тарау. Төтенше жағдайдағы аурухананың жұмысын ұйымдастыру

Төтенше жағдайда емдеу-профилактикалық мекемелерінің жұмысы төтенше жағдай штабының жоспарларына сәйкес ұйымдастырылады. Жоспарға апаттың салдарын жою да кіреді.

Төтенше жағдайда аурухананың 2 маңызды жұмысы:

  1. Егер емханаға төтенше жағдайда қауіп төнсе, она ең алдымен өз ауруларын, қызметкерлерін, шаруашылық заттарын қорғау керек. сосын жағдайға қарап зардап шеккен халыққа медициналық көмек көрсетеді.
  2. Егер емханаға төтенше жағдайда қауіп төнбесе, онда ол емханалық базада медициналық қалыптасулар құрайды. Апат болған аймақта мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсетеді.

Төтенше жағдайда емханаларды жұмысқа дайындау және құруға емхана мен клиниканың бас дәрігерлері жауапты. Олар өз обьектілерінің азаматтық қорғаныстың бастығы болып келеді.

Азамматтық қорғаныстың бастығы емханаларда, клиникаларда басқару органын-азаматтық қорғаныстың штабын құруға қаулы шығарады.

Штаб бастығы тапсырманы алған соң штабтың құрамымен апатттың салдарын жоюды ұйымдастырады.

Емханаларға төсек – орын қалыптастыру үшін медициналық құралдар қорын жинау қиынға соғады. Құралдарға қажеттілікті денсаулық сақтау органдарымен және апат медицина орталығы анықтайды.

Төтенше жағдайдан хабардар болған емхананың кезекші дәрігері тез арада басқау органын жинайды. Жоспар бойынша жасалынатын шараларды қолданады:

  • Денсаулық сақтау органдарына хабарлайды.
  • Штаб жұмысын ұйымдастыру.
  • Медициналық қалыптастыруларды дайындау.
  • Бақылау постын құру.
  • Қосымша төсек-орындар қою.
  • Күндіз – түні емханада кезекшілік қою.
  • Емхананың дайындығын бас дәрігер апат медицина орталығына хабарлап тұрады.
  • Емхананы басқару органы төтенше жағдайдың комиссиясымен байланысып тұрады.

 

4.1 Төтенше жағдайдағы балаларға көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастыру

Балаларға алғашқы медициналық көмекті көрсеткенде, олардың өзі және өзара көмек бере алмайтындарын ескеру керек. Сондықтан төтенше жағдайда балаларды уақытында үйіндінің астымен шығарып, күйген киімдерін өшіріп және т.б. көмектер көрсету керек.

Балалардың аяқ-қолдарынан аққан қанды уақытша тоқтату үшін көбінесе балалардың мускуласы баяу дамитындығын ескеріп 3 жасқа дейінгі балаларға жгут қолданылмайды тек қысатын тану ғана жасайды.

Балаларға жүрекке жабық уқалау жасағанда, кеуденің төменгі жағына күш түсірмеу керек. Күш түссе қосымша жарақат алуы мүмкін. Балаларды көлікке тиеу кезінде бар мүмкіндіктер жасалуы керек: ауа райының қолайсыздығынан үсті жабылуы тиіс, медициналық іріктеу, медициналық көмек көрсету, ауруларды күту.

Егер бірінші дәрігерлік және дәрігерге дейінгі көмек кеңейтілген медициналық пунктілерде жасалса, мамандандырылған көмек арнайы мекемелерде жасағанды қажет етеді. Балаларды көшіргенде ең қолайлы көлік түрін таңдайды, және қасында дәрігер немесе медбикелер болуы керек. Бір кезеңде балалар дәрігерлері болмаған жағдайда жоғары мамандандырылған медициналық көмектің балалар бригадасын және жоғары мамандандырылған педиаторлар бригадасын қолдану керек.

Балалар медициналық көрсеткішпен көшіруге келмейтін болса, уақытша бірінші кезеңнің емдеу мекемелеріне жатқызылып, емдеу шаралары жасалынады.

Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек төтенше жағдайда балаларға емдеу-профилактикалық балалар мекемесінде, басқа салада кеңейтілген балалар бөлімінде көрсетіледі.

Диагностика мен емдеу тактикасы таңдау балалар үшін әртүрлі дәрігер-мамандарды қажет етеді.

 

4.2 Төтенше жағдайдағы радиациялық авария және басқа да төтенше жағдайларды жою ерекшеліктері

Ядролы энергетика обьектінің радиациялық  авария және апаттың салдарын жою:

  • радиацияға қарсы қорғаныс қызметінің уақытында обьектінің жұмысшыларын және радиациялық қауіп төнгенін халыққа хабарлап дайындау және тиісті шаралар қолдану;
  • обьектінің денсаулық сақтау мекемелерінің медицина қызметкерлерінің радиациямен зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету қабілеттері;
  • зардап шеккен ошаққа уақытында жоғары мамандандырылған радиолог-терапевттік бригадаларын жеткізу, зардап шегушілерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
  • жоғары мамандандырылған радиологиялық стационарға көшіру;
  • жоғары мамандандырылған радиологиялық стационардың қабылдауға, емдеуге дайындығы;
  • апаттың салдарын жоюдың негізгі бөлімі: әртүрлі уақытта радиоактивпен ластанған жерде болатын артынан медициналық бақылау ұйымдастыру.

Бұл адамдар апатты жоюшылар, радиоактивпен ластанған жерде қалатын халық.

 

4.3  Химиялық ошағындағы тұрғындарға медициналық көмекті ұйымдастыру ерекшеліктері

Ірі өндірістік апаттың салдарын және химиялық қауіпті төтенше жағдайдың салдарын жою шаралары радиацияға қарсы, химияға қарсы қалыптасқан қорғаныс қызметімен, қоғамның күзетімен, азаматтық қорғаныстың медициналық және басқа қызметтерімен жасалынады.

Химиялық ошағындағы тұрғындарға медициналық көмек көрсету шараларына мыналар жатады:

  • апат болған ошақта химияға қарсы қорғаныс шаралары.
  • қысқа мерзім ішінде бірінші медициналық көмек.
  • апат ошағынан зардап шеккендерді көшіруді ұйымдастыру.
  • санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу.
  • ошаққа бірінші дәрігерлік көмекті жақындату.
  • мамандандырылдған және жоғары мамандандырылған көмекті ұйымдастыру.

Медициналық көмекті ұйымдастыруды жергілікті денсаулық сақтау органдары атқарады, ал денсаулық  мекемелері және апат медицина орталағы жүзеге асырады.

Медициналық көмек кезінде негізгі ұстаным бұл зардап шеккендерді емдеу-көшірме мекемелеріне көшіру көліктің бар түрімен жасалынады. Көшіруге нұсқауды милиция және азаматтық қорғаныс органдары береді.

 

4.4 Төтенше жағдайдағы қолданатын құжаттар

Қазақстан Республикасында  төтенше жағдайлар болған кездегі жедел дәрігерлік қызмет көрсету ұйымын құру жайлы қаулы, мемлекеттік №1068.

Табиғат және техникалық құбылыстар сипаттында туындайтын төтенше жағдай кезінде, дәрігерлік қызмет көрсету жайында Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті қаулы бекітті.

  1. ҚР Төтенше жағдайлар кезінде қызмет көрсететін жедел дәрігерлік көмек көрсететін ұйымды құру.

Аталған ұйымның ішіне жедел дәрігерлік көмек көрсету орталықтары, арнайы орталықтар, төтенше жағдай кезіндегі жараланғандарды орналастыратын емдеу мекемелері, дәрігерлік көмек көрсетудің арнайы жабдықталған тобы, әрдайым дайын тұратын арнайы топтар, дәрігерлік-медбикелі (фельдшерлі) топтар, жедел және кейінге калдырмай дәрігерлік көмек көрсету бекеттері,жедел және жоспарлы кеңесті көмек көрсету бөлімшелері, қан құю бекеттері ( бөлімшелері), республикалық мекемелер мен азаматтарды қорғаудың дәрігерлік ұйымдарын құру кіреді. Тағы да, облыстық және «Фармация» компаниясының Мемлекеттік Акционерлі Холдингі, қалалық мекемелері, «Медтехника» акционерлі қоғамы, «Казмедснаб» Республикалық жалға алу мекемесі де жатады. Үлкен аумақты төтенше жағдайлар туа қалған жағдайда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Комиссиясы, жедел дәрігерлік көмек көрсету қоғамына,басқа министрліктің, өзге күштердің де жәрдемдесетін жайлы қаулы қабылдады. Соның ішінде, Қ.Р.Көлік және коммуникация министрлігінде, «Қазақстан әуе жолы» ұлттық акционерлі әуе компаниясында, Алматы, Батыс Қазақстан және Тың жерлердің темір жол мекемелерінде азаматтарды қорғаудың санитарлы –көлік ұйымын құру кіреді. Төтенше жағдайлар кезінде жедел көмек көрсетуде дамыту мен жетілдіру құқығын  Қазақстан Респуликасының Денсаулық сақтау Министрлігіне беру де бекітілді.

  1. Төтенше жағдайлар кезінде жедел дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымды- әдістемелік және ғылыми басқарушы қызметтерін, Қ.Р. Денсаулық сақтау Министрлігінің еншісіне беру туралы қаулы қабылданды.

ҚР Денсаулық сақтау Министрлігіне Қ.Р. Мемлекеттік Комиссиясымен бірлесе отырып 3 айдың ішінде, аумақта төтенше жағдайлар кезінде туындайтын жедел дәрігерлік көмек жайында нормативті құжаттарды дайындау тапсырылды. Бұл құжаттар бөлімшелердің қызметтерін реттеп, басқа министрліктердің жұмыстарын бір жүйеге келтіріп, халықаралық әріптестерді қалпына келтіріп тұрады.

  1. Экономика Министрлігі мен Қ.Р. Қаржы Министрлігіне, облысбасшылары мен қала әкімдеріне, денсаулық сақтау ұйымдарының тапсырыстарына (ғимарат салу, арнайы жабдық алу, жедел дәрігерлік көмек көрсету ұйымдарын жетілдірумен белгілі деңгейде ұстап тұру) жыл сайын қомақты қаржы бөліп тұруды тапсырды.
  2. Төтенше жағдайлар кезінде жедел дәрігерлік көмек көрсету ұйымдарын көлікпен қамтамасыз ету Қ.Р. Министрлер алқасының үкімімен жүзеге асырылады. Ол үкім 1993ж. 16 сәуірінде № 315 мемлекеттік нөмірімен шықты: «Төтенше жағдайлар кезінде және оның алдын алу үшін ұйымдасқан арнайы қызметкүштерін көлікпен тасымалдаудың, қамтамасыз етудің тәртібі жайлы қаулы» Сонымен қатар 1993ж.4 қазанында № 981 үкімі бекітілді. «Қ.Р. аумағындағы төтенше жағдайлар кезінде мемлекеттік басқару ұйымдарын байланыспен қамтамасыз ету жайлы үкім»

Төтенше жағдайлар – тұтқиылдан, күтпеген жерден келетін апат және ол тез өзгеріп, тез таралады.Өндірістік апаттар мен табиғи, экологиялық зілзалалар шешім қабылдауда қиындықтар туғызып, жағдайдың анық еместігімен сипатталады. Бұл жағдай елге үрей туғызып, ауқымды экономикалық, адами шығындарды әкеледі. Адамдарды емдеп, олардың жағдайын жасау мен апат ошақтарын жоюға қомақты қаржы мен адам күші кетеді.

Табиғат зілзалалары – бұл қауіпті табиғи құбылыстар мен геофизикалық, геологиялық, гидрологиялық, атмосфералық, биосфералық және басқа да құбылыстар салдарынан туындайтын жағдайлар болып табылады. Ғимараттар құлап, адам шығыны болады.

Апат – бұл көліктің, құрал-жабдықтың ақаулығынан немесе ғимараттың құлауы салдарынан болатын адам шығыны болмайтын жағдайды құрайды.

Зілзала – бұл аяқ астынан болатын құбылыс, оның салдарынан ғимараттар, үйлер құлап, адамдар қаза табады. 

 

4.5 Төтенше жағдайдағы әлеметтік психикалық аспектер

Апат медицина орталығының бастығы өзі жақсы өзі басқаратын ұжымды жақсы ұйымдастыра білу керек және орталықта болған кемшіліктер тиіс. Басқарудың ең маңызды рөлі жұмысты реттеумен орналастыра білуі, жұмыстың әдістері. Ұжымның жұмысқа деген көзқарасына, жұмыстың санаулы орындалуына назар аудару керек. Бастық өз жұмысын үнемі қалыптастырырып, жетілдіріп отыруы керек.

Жетілдіру дегеніміз:

  • орган бастығы үнемі және өзінің білімін жетілдіруде табандық таныту, органның ғылыми меңгеруі;
  • өзінің орынбасарларына, көмекшілеріне активті қорғау;
  • адамдарды шыдамдылықпен тыңдау;
  • әрқашан сыпайы, қарапайым болу;
  • ұжымды күрделі жұмыстың мәселесіне қарауды үйрету;
  • ұжымға жақсы атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіру;
  • анық және қысқаша түрде өз ойын білдіру, орындаушылардың, ұйымның істеген ісіне анализ жасау;
  • адамдардың атын айыра білу.

 

 

 

 

Қорытынды

 Төтенше жағдай кезінде елдің санитарлық жағдайының күрт түсуі, денсаулық сақтау жұмыстарын ұйымдасқан әдістемелік түріне әкеледі. Бұл жұмыстарды тез арада жүзеге асыру, тек жоспарланған апат кезімен дәрігерлік жүйедегі арнайы жобаланған оқу шаралары кезінде ғана мүмкін болады.

Төтенше жағдай кезінде дәрігердің мүмкіндігі бірден шектеледі: ол аз уақыт ішінде бірнеше зардап шегушілерді қарап, оған жедел дәрігерлік көмек көрсетуі керек болады. Бұл кезде көптеген зардап шегушінің өмірін аман алып қалу үшін, алғашқы жедел  дәрігерлік  қызметтің ұйымдасқан түрі мен зардап шегушіге апат болған жерден бастап, оларды тасымалдау кезінде де арнайы мамандандырылған дәрігерлік көмек көрсетудің маңызы зор.

Төтенше жағдай кезіндегі жұмыстың жағдайы дәрігердің тұлғасына ерекше талап қояды, ол тез арада дұрыс шешім қабылдай білуі керек. Ал бұл аталған жай тек, дәрігердің арнайы білімі мен тәжірибесі мол кезде ғана мүмкін болады, дәрігер бір сәтте бірнеше адамға көмек көрсетіп үлгеруі қажет.

Апат салдарына байланысты, адамдарды сол аймақтан әкетіп, оны сатылай емдейді. Бұл шара ұйымдасқан жүйелі түрде жүзеге асырылады. Зілзаланың түріне, ауқымына орай, төтенше жағдай болған ауданның емдеу орталықтарының  жайына сай, бүкіл Қазақстандық дәрігерлік көмек көрсету ұйымдары іске қосылады. Ең басты мақсат жараланған адамдарға дер кезінде арнайы мамандандырылған адал дәрігерлік көмек көрсету болып саналады.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

  1. «Гражданская оборона» . Под ред. В.Н. Завьялова, М., «Медицина» , 1989ж.
  2. «Тіршіліқ қауіпсіздігі курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы» Суровцев А.А. және т.б. Алматы., 2003. 1 кітап.
  3. «Тіршілік қауіпсіздігі» Жүнісбаев Н.Ә.
  4. Медицинская помощь при катастроф: Учебник для студентов мед. вузов /Под ред. Х.А.Мусталатова, М., Медицина,/ 1994ж.
  5. Медицинская сортировка пораженных в чрезвычайнфх ситуациях. Рекомендации – М., Медикас. 1991ж.
  6. Первая медицинская помощь в чрезвычайных ситуациях / Под ред. В.К. Агапова – М., ВЦМК «Защита»/ 1995ж.
  7. Организация экстеренной медицинской помощи населению при стихийных бедествиях и других чрезвычайных ситуациях /Под ред. В.В. Мешкова, М., /1991ж.
  8. Анищенко К.Н., Успинович А.К. Организация медицинской помощи детям М. Медицина 1979г.
  9. Организация скорой медицинской помощи/под редакцией К.Д. Комарова, П.М. Исаханова. М. Медицина 1980г.
  10. Хачикьян А.С. Опыт организации специализированной медицинской помощи в цетральной районной больнице. М. 1965г.
  11. Здоровье населения РК и деятельности учреждений здравоохранения в 1996г (статистические материалы) Алматы, 1997г.
  12. Здоровье населения РК и деятельности учреждений здравоохранения в 1997г (статистические материалы) Алматы, 1998г.
  13. Здоровье населения РК и деятельности учреждений здравоохранения в 1998г (статистические материалы) Алматы, 1999г.
  14. Закон РК «О психиатрической помощи и гарантиях прав граждан при ее оказании», Алматы, 1997
  15. Әлімбетов Н.Ә. Менеджмент негіздері. Алматы 1994ж.
  16. Социальная гигиена и организация здравоохранения. Под ред. А.Ф. Серенко, В.В. Ермакова. М. Медицина, 1984г.
  17. Медицина №6 2001г.
  18. Медицина №6 2005г.