Зейнеткер Назарбаевтың Мәскеуде жүргені айтылды
Экс-президент Тәуелсіздік күні Ресейде жүргені белгілі болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы DALA INSIDE телеграм каналына сілтеме жасап.
Мәліметтерге сүйенсек, ертең Назарбаев Путиннің қабылдауында болады.
Телеграм каналдардың айтуынша, Назарбаев атышулы «Менің өмірім» ғұмырнамалық еңбегінде Путиннің мақтауын асырған.
DALA INSIDE дереккөзі мәлім еткеніндей, Тәуелсіздік күні Мәскеуге ұшып кеткен «тұңғыштың» Кремль көсеміне айтар жеке бұйымтайы бар.
Айта кетейік, Назарбаев пен Путин соңғы рет өткен жылдың маусым айында кездескен болатын.
«Адырна» ұлттық порталы