Әнші Индира Расылхан оқырманын сотқа бермек

Танымал әнші Индира Расылхан оқырманын сотқа бермек, — деп хабарлайды   Altyn-orda.kz       Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап .

Дінге бет бұрып, өнермен қоштасса да сахнаға қайта шыққан әнші сынның астында қалды. 

«Менің ән айтуымды қалаған жандардың қуанышында шек жоқ. Рақмет баршаңызға! Осы тамаша әнді кавер нұсқада орындауға мүмкіндік берген «Хабар» арнасы мен Мейрамбек Бесбаев досыма рақметімді айтамын. Сіздерге ұнады ма?», – деп жазды өзінің instagram парақшасына. 

Алайда өнерге қайта оралған өнерпазды оқырманы керағар пікір қалдырған. 

 «Араб болып тағы шықтың ба, ақшаң азайған екен сорлы келместей болып кетіп едің, енді сұңқылдап тұрсың» деп жазды бір оқырманы.

Негатив пікір иесіне әнші жауап қайтарып, «осы жолы сізді сотқа беремін. Өткенде ескертіп едім» деп жауап берді. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ИНДИРА РАСЫЛХАН (@indirarasylkhan)