Кір жуатын бөлмеден намазхана жасаттым». Айнұр Тұрсынбаева вилласын көрсетті

Түркияда тұратын айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева зәулім сарайын қалай алғанын айтты. Оның теңіз жағасында орналасқан вилласына Қазақстаннан қонақтар көп келеді екен.
Бірнеше жылдан бері Түркияда тұратын Айнұр Тұрсынбаева өзінің Instagram-дағы парақшасында қымбат үйін көрсетті деп жазды juldyzdar_news инстаграм парақшасы 

 

Ол бұл виллаға қол жеткізу үшін қыруар ақшадан бөлек, біраз уақытын жоғалтыпты. Өйткені үйдің қожайыны әу баста Айнұрдың ұсынысына көнбей, бірден сата қоймаған.
«Осы үйді ең алғаш көрген кезде, бұл үйді алатын менде ешқандай мүмкіндік болған жоқ. Стамбұлдың айналасындағы үлкен виллаларды қарап, зерттеп жүріп осыны ұнатып, алты рет келдім.

Өзімнің ұсынымды айттым үйдің иесіне. Ол көнген жоқ. Содан ештеңе де алмаймын деп шешіп, өзімнен өзім отырып Аллаға дұға қылдым. Содан үйдің қожайынына тағы бір, соңғы рет хабарласып көрейінші деп тағы ұсынысымды айттым. Бір жыл көнбей жүрген үйдің иесі жарайды, алыңызшы деді. Сонымен аяқ астынан осындай үлкен үйдің иесі болып шыға келдік. Барлық қазаққа бұйырсын», — деді Айнұр Тұрсынбаева. “Арман-мақсаттарымды жазған кезде ішінде намазханасы бар үй болса екен деп жазғанмын. Содан мына кір жуатын бөлмеден намазхана жасатып қойдық. Ал мынау қазақы бөлме. Аптасына кемінде 3-4 рет Қазақстаннан қонақтар келеді. Күнде қонақ, күнде ет,
— деді Тұрсынбаева.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🌟 ЖҰЛДЫЗДАР ƏЛЕМІ 🌟↗ЖАЗЫЛАМЫЗ (@juldyzdar_news)