Менің алғашқы сапарымның Ресейден басталуының үлкен саяси маңызы бар — Тоқаев
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент болып қайта сайланғаннан кейін Ресейге жасаған алғашқы сапарының саяси маңызы зор екенін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС агенттігіне сілтемемен.
«Ең алдымен, президенттікке қайта сайлануыма байланысты жеке құттықтауларыңызға алғысымды білдіргім келеді. Шынында да, менің алғашқы сапарым осы жерден басталды, мұның өзі үлкен саяси мәнге ие және, әрине, белгілі бір символизм де жоқ емес», — деді Тоқаев Кремльде өткен Путинмен кездесуінде.
Путин де Қазақстан басшысының сапарын жоғары бағалап өткен.
«Бұл мағынада оның символдық мәні бар, ол біздің қарым-қатынастарымыздың ерекше сипатын атап көрсетеді», — деді Путин.
Ресей президентінің айтуынша, президенттер кез келген кездесуді күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау үшін пайдаланады.
Ол Орынборда өтіп жатқан Ресей Федерациясы мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастығы форумында оған қатысушылар «айтарлықтай, нақты нәтижелерге қол жеткізеді, өйткені тауар айналымының айтарлықтай көлемі шекаралас аймақтар арқылы өтеді» деген сенімін білдірген. Ресей Президентінің айтуынша, бір-бірімен тығыз байланыста болатын екі елдің шекаралас аймақтарының тұрғындары «орталықтағыдан гөрі бір-бірінің мүмкіндіктерін жақсы біледі және бұл қарым-қатынастарды дамытады».