Ресей саясаттанушылары: «Украинадан кейінгі мәселеміз — Қазақстан»

Ресейдің «Россия 1» мемлекеттік арнасындағы “Вечер с Владимиром Соловьевым” саяси ток-шоуында саясаттанушылар Қазақстанды Украинадан кейін проблема деп атады деп хабарайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Тыңдаңыздар, енді Қазақстан – біздің келесі мәселеміз екеніне нараз аударайықшы. Себебі ол жақта да Украинадағыдай нацистік үдеріс қалыптасуы мүмкін. Ол елде орыстар да көп, аумағы да, Семипалатинск те, оған қоса, Росатомның ядролық материалдары да сол жақта”, – дейді сарапшылардың бірі.  

Бұған ток-шоуды жүргізуші Соловьев: “Әрине! Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара құрлықтағы ең ұзын шекара”, – деп жауап берді. 

Еске салайық, мамандар бұл ток-шоу мен Владимир Соловьевты Ресей саясатын үгіттеуші деп біледі. Украинадағы соғысты жақтаған тележүргізушіге бұрын Еуропа одағы бірнеше санкция салған еді.