«Су тасқынына көмектесемін деп өзі мерт болды»- Түркістан облысының Ынталы ауылында күтпеген қаза орын алды
Бұл жағдай туралы тележүргізуші Гүлмира Әбіқай өз инстагарам парақшасында жазды деп хабарлайды altyn-orda.kz
Ауылдастарының айтуынша ,беделді азамат ақкөңіл көмекке дайын тұратын азамат болған екен .
«Түркістан облысының Ынталы ауылында күтпеген қаза орын алды. Бір-ақ күнде әйел жесір, 7 бала жетім қалды.
Ел сыйлайтын азамат Қайырбек Қоспанов Атырау өлкесінің суға кетіп жатқанын көріп, үйінде тыныш отыра алмады. Өз үлесін қосу үшін астындағы фирмадан мініп жүрген “Хово” көлігіне шопыр болып аттануға бел буады. Түсте бүкіл ауыл қуана шығарып салған Қайырбектің денесін кешке ел-жұрт ой бауырымдап қарсы алады. Жүк көлігін темір жол составына тиегені сол еді, дөңгелегі рельстен тайып кетіп, Қайырбек өз көлігінің астында жаншылып қалды.
Артында шиеттей 7 баласы мен жары қалды. Онсыз да бұл отбасының қайғысы аз емес еді, ай бұрын 8-ші нәрестесі шетінеді. Баласын жоқтап отырған ананы отағасының қазасы тіптен ойсыратып кетті.
Өздері жалдамалы үйде тұрады, қолында Қайырбек марқұмның мүгедек інісі бар, баланың кенжесі 1 жастан енді асқан.
Халыққа қол ұшын беремін деп қара жамылған отбасыға
енді бәріміз жиылып көмектесейік!!!
Қайырбектің ата-анасы ерте қайтыс болған, видеода сөйлеп отырған қайын атасы. Қалған туыстары да шуламай Алланың ісі деп ешкімге кінә артқан жоқ. Марқұмның әйелі Сара кішкентайын үйде қалдырып жұмысқа шығып кетті. Алдыда белгісіз күндер, белгісіз жылдар…
Бәріміз жиылып, асыраушысынан айырылған отбасына баспана әперсек деген ой келіп тұр, достар
Бүгін жұма ғой, садақаңызды Қайырбек марқұмның отбасына салайық, ниетіңіз қабыл болсын» -деген жазба қалтырған тележүргізуші
Посмотреть эту публикацию в Instagram