Жемқорлардан алған ақшаға мектеп салынады – Асхат Аймағамбетов

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов тілшілермен кездесу өткізіп, еліміздің білім беру саласындағы кілтипандарды шешу жолын түсіндірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

– Жемқорлардан алынған ақшаға мектеп салынады. Заң жобасы бірауыздан мақұлданып, 100 миллиардқа жуық қаржы ұлттық қорға түседі деп күтілуде. Сол қаржыға мектептер салынады. Мектептің көлеміне, орнына қарай саны анықталады, – деді министр өз сөзінде.

Сонымен қатар, білім саласының басшысы балабақша мәселесін сөз етті. Білім беру жүйесіндегі жаңартулар мен жаңа технологиялар жайын түсіндірді.