Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі туған күнін атап өтуден бас тартты

17 мамыр – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні.    Президенттің кеңесшіс-баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев үшін бұл әдеттегідей жұмыс күні. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлект басшысының баспасөз хатшысының айтуынша ол әдеттегідей жұмыста болады. Бұл датаға байланысты ешқандай іс-шара жоспарланбаған, Президент әкімшілігі қызметкерлерінен де өзін туған күнімен құттықтамауын сұраған.  
Еске салайық, Мемлекет басшысы өткен жылдары да осындай ұстанымды ұстанған болатын.

«Президенттің принципті ұстанымы осылай. Оның отбасында балалардың да, ата-анасының да туған күнін тойлау әдетке айналмаған», — деп түсіндірді Берік Уәли.
Еске сала кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толды.