Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы әлеуметтік сауалнама жүргізді
Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы Шымкент қаласы тұрғындарының қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында 2024 жылғы I жартыжылдықта әлеуметтік сауалнама жүргізді. Сауалнаманы ҚР мемлекеттік сатып алу порталы арқылы ЖК «Аманкулова» жеңіп алып жүргізді.
Зерттеу жүргізілген сауалнамаға жынысы, жасы, білім деңгейі мен тұрғылықты жеріне байланысты іріктелген 18 жастан жоғары 2000 респондент қатысып, қорытынды бойынша нәтижелер алынды.
Нәтижесінде:
— мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесі – 97,5%;
— орыс тілін меңгергендердің үлесі — 87,6 % ;
— ағылшын тілін меңгергендердің үлесі – 24,2 %