«Қытайға 2 млрд доллар»: «Самұрық-Қазына» өкілдері компанияның қарызы туралы айтты
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қарызы 10 трлн теңгеге жеткен. Бұл туралы Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
«Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов компания қарызы 10 триллион теңге екенін мәлімдеді. «Қарыздың номиналды сомасы – 10 трлн теңге, баланстық сомасы – 8 трлн теңге. Оның жартысы сыртқы қарыз. Негізінен «ҚазМұнайГаз», «ҚазАтомӨнеркәсіп» сияқты ірі компанияларымыз инфрақұрылым жобаларына сырттан қарыз алды. Экспортқа тауар шығаратын компанияларға қарыз доллармен беріледі. Қытайдан бар, 2 млрд доллар. Ең үлкен қарыз «Қазмұнайгаздың» қарызы. Бұл жерде компанияның құнды қағаздары облигацияға шығарылады», — деді ол. Компанияның Экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры Мират Өтепов БАҚ өкілдерінің «компания ең көп қарыз ел Қытай ма?» деген сауалына «олай айтуға болмайды» деп жауап берді. Сөзінше, әртүрлі елдерден инвесторлар бар.