«Орамал тағып едім, бұл да жараспайды…»: Гүлмира Ізбасханова сырын ақтарды

Атышулы әнші Гүлмира Ізбасханова өзіне «Орамал таққан жараспайды» деп сынаған оқырмандарына жауап берді.

Бұл туралы әнші өзінің instagram-дағы парақшасын жазды.

«Маған негізі ештеңе жараспайды екен. Ұзын шашымды жараспайды деген. Юбка киіп едім, шалбармен жүре берші деді. Орамал тағып едім, бұлда жараспайды деді. Бірақ, өмір тамаша. Мен бақыттымын»,- деп storis бөлімінде жазба қалдырды ол.

sn.kz