Көктемде Қазақстаннан Қытайға, Вьетнамға және Мысырға жаңа рейстер ашылады

Қазақстаннан Қытайға, Вьетнамға және Мысырға жаңа рейстер ашылады. Бұл туралы   KAZ.NUR.KZ Көлік министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, биылғы жылдың наурыз айынан бастап Air Astana әуекомпаниясы Вьетнамға аптасына 4 рет жиілікпен Алматы-Нячанг және аптасына 3 рет жиілікпен Астана-Нячанг бағыттары бойынша және аптасына 3 рет жиілікпен Алматы-Гуанчжоу бағыты бойынша Қытайға жаңа маршруттар ашады.

Көктемгі-жазғы маусымынан бастап Air Cairo әуекомпаниясы аптасына 1 рет жиілікпен Қостанай-Шарм-эль-Шейх және аптасына 2 рет жиілікпен Алматы-Хургада бағытында рейстер ашу, сондай-ақ аптасына 1 рейс жиілігімен Алматыдан Эль-Аламейнге рейстерді қайта бастау жоспарланып отыр. «Жаңа бағыттардың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады», — делінген хабарламада.

 Көрнекі фото: pixabay.com

kaz.nur.kz