16 жастағы қазақ футболшысын «Челси» 4,3 миллион еуроға сатып алды

16 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сатпаев «Челси» клубына ауысады. Әлемдік футболдың басты инсайдерлерінің бірі Фабрицио Романо осы жаңалықты растады. Бұл туралы  Altyn-orda.kz   Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып  хабарлайды.

Фабрицио Романоның сөзінше, алматылық «Қайраттан» ауысу құны 4 миллион еуро (2 миллиард теңгеден астам) болды.

«Дастан 18 жасқа толғанда келісімшартты тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігімен «Челси» клубымен 5 жылдық келісімшартқа қол қояды», – деп жазды Романо. 

Қазақстандық талантқа «РБ Зальцбург», «Байер», «Бенфика» және «Реал Сосьедад» сияқты басқа клубтар да қызығушылық танытқан. Алайда «Челси» Дастанды өз қатарында көруге ерекше құлшыныс білдірді.

Өткен жылдың мамыр айында Сатпаев «Қайраттың» негізгі құрамының тарихындағы ең жас футболшы атанды. QJ League U-18 жасөспірімдер лигасында ол 12 матчта 19 гол соғып, 7 нәтижелі пас беріп, маусымның ең пайдалы ойыншысы сыйлығын иеленді.


Еске салайық, англиялық «Манчестер Сити» футбол клубы француздық «Ланс» клубының ойыншысы өзбек Абдукодир Хусановты өз қатарларына қоспайтынынын жаздық. 20 жастағы өзбекстандық қорғаушыны ағылшын клубы 50 миллион еуроға жуық қаражатқа сатып алмақ болған еді. Дәл осы жаңалық соңғы бір аптада әлемдік БАҚ беттерінде желдей есті. Алайда инсайдер Фабрицио Романоның айтуынша, «Манчестер Сити» Хусановтың орнына Бразилия ойыншысы Витор Рейсті 40 миллион еуроға сатып алмақ. Қазір 19 жастағы жас ойыншы өз отанында «Палмейрас» клубында өнер көрсетеді.