Өзбекстан Ресейден өз азаматтарының құқықтарының бұзылуына байланысты түсініктеме талап етті

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясы аумағында өзбек еңбек мигранттарының құқықтарының жүйелі және алаңдатарлық бұзылуына қатысты қатаң мәлімдеме жасады.

Ташкент бұл жағдайға қатысты өз наразылығын білдіріп, Мәскеуден ресми түсініктемелер мен мұндай тәжірибені тоқтату үшін нақты шаралар қабылдауды талап етті, деп хабарлайды altyn-orda.kz.

Ресми хабарламаға сәйкес, Өзбекстан СІМ сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усманов Ташкенттегі Ресей Федерациясының елшісі Олег Мальгиновпен маңызды кездесу өткізген.

Келіссөздер барысында өзбек тарапы Ресейде жұмыс істейтін өз азаматтарына қатысты дөрекі қарым-қатынас, кемсіту және ашық түрде жасалатын құқық бұзушылықтардың жиілеп кеткенін нақты атап өтті.

Өзбекстан СІМ бұл бір реттік оқиғалар емес, жоғары деңгейде шұғыл әрекет етуді талап ететін жүйелі мәселе екенін баса айтты.

«Мұндай әрекеттер Ресей аумағында еңбек қызметін жүзеге асырып жатқан өзбек азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының тікелей бұзылуы болып табылады, ал бұл құқықтар қабылдаушы елдің заңнамасына сай міндетті түрде сақталуы тиіс», — делінген баспасөз хабарламасында.

Өзбекстан ресми түрде Ресей тарапын құқық бұзушылық фактілерін мұқият зерттеп, мәселенің маңыздылығын Ресейдің тиісті мемлекеттік органдарына жеткізуге шақырды.

«Кездесу қорытындысы бойынша, Өзбекстан мен Ресей азаматтарының екі ел аумағында құқықтары мен бостандықтарының өзара сақталуын қамтамасыз ету бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді», — деп мәлімдеді министрлік

Сонымен қатар, өзбек тарапы құқық бұзушылықтардың нақты жағдайларын ашып көрсеткен жоқ, бұл оқиғалардың аса маңызды  екендігін аңғартады.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ билігі заңсыз жүрген 131 мигрантты Өзбекстанға депортациялаған болатын.

Олардың арасында Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары да болған. Америкалық дереккөздердің мәліметінше, чартерлік рейс шығындарын Өзбекстан толық өтеген, ал Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары өз отандарына кейін жеткізілуі тиіс еді.