Қазақстан Президенті Фридрих Мерцті Германия канцлері болып сайлануымен құттықтады.

Германияның жаңа федералды канцлері болып Фридрих Мерц сайланды. Осыған байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оған құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Altyn-orda.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеделхатта Мемлекет басшысы Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық әріптестіктің тұрақты дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
«Президент қазақ-герман әріптестігінің жоғары қарқынын сақтап қалуға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға ниетті екенін растады», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
 
                     
                			
                                        			 
                                                









