Президент Тоқаев Минскіде ЕАЭО саммитіне қатысады

Мемлекет басшысының сапары 26–27 маусым күндері өтеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 26–27 маусымда Беларусь астанасы Минскіге жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап Altyn-orda.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және Еуразиялық экономикалық форумның жұмысына қатысады.

Сапар аясында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің басшыларымен кездесулер өткізу жоспарланып отыр.