Қазақстан – Астанада өткен бокстан әлем кубогының чемпионы атанды !

Қазақстан Астанада өткен бокстан әлем кубогының кезеңінде ең үздік команда атанды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.

2024 жылдың 30 маусымы мен 6 шілде аралығында өткен бұл турнирде Қазақстан құрамасы өз алаңында өткен жарыста медаль саны бойынша сенімді түрде көш бастады. Бұл туралы Tengri Sport Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап мәлімдеді.

Турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтті. Жарысқа әлемнің 30 елінен келген 300-ге жуық мықты былғары қолғап шеберлері қатысты. Қазақстандық боксшылар 20 салмақ дәрежесінің 16-сында жүлде алып, айқын басымдық танытты.

Ерлер құрамасы 5 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленді.

Әйелдер құрамасы 3 алтын, 3 күміс және 2 қола медальмен ел қоржынына үлес қосты.

Осылайша, Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

Екінші орында – Бразилия құрамасы (4 алтын, 2 күміс, 1 қола),

үшінші орында – Үндістан (3 алтын, 5 күміс, 3 қола).

Бокстан әлем кубогының келесі, финалдық кезеңі 15–22 қараша аралығында Үндістанда өтеді. Қазақстандық боксшылар халықаралық аренада да жоғары деңгейін дәлелдеуге ниетті.

Altyn-orda.kz