Ресейде ұшақ апатты жағдайда қонды

Ресейдің Забайкалье өлкесінде жеңіл моторлы Ан-2 ұшағы апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Өлке губернаторы Александр Осиповтің айтуынша, 10 адам зардап шеккен.

«Ұшақ бортында барлығы 11 адам, он парашютші мен бір экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы да — тәжірибелі мамандарБір адам оқиға орнында дәрігерлік көмек алып, ауруханаға жатудан бас тарттыҮш адамның жағдайы — ауыр, қалғандарының жағдайы орташа ауыр деп бағаланды»,—деп түсіндірді ол.

Шығыс Сібір көлік прокуратурасы оқиғаға қозғалтқыштың ақауы себеп болғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.