Алматыда «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы кезінде көшелер уақытша жабылады

30 қыркүйекте Алматыда футбол клубтары «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасында матч өтеді. Ойын Орталық стадионда ұйымдастырылып, қауіпсіздік шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қалада 2,5 мыңнан астам полицей мен Ұлттық ұланның 300-ге жуық әскери қызметшісі жұмылдырылады. Құқық қорғаушылардың міндетіне қоғамдық тәртіпті сақтау, жанкүйерлер мен матчқа қатысушылардың қауіпсіздігін қадағалау, сондай-ақ жол қозғалысын бақылау кіреді.
Стадион маңында көлік қозғалысына қатысты уақытша шектеулер мен нүктелік жабылулар енгізілуі мүмкін. Билік қала тұрғындары мен қонақтарынан бағыттарын алдын ала жоспарлап, қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұрайды.
Altyn-orda.kz
