2023 жылы Орталық Азия елдерінің Үндістанмен сауда айналымы 1,7 млрд долларға жетті. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда төрт есеге жуық көп, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.
Еуразиялық даму банкінің деректеріне сүйенсек, 2010 жылдан бері Орталық Азияның ЖІӨ екі еселенген. Аймақ жылына орта есеппен 4,5% өсіп отыр, ал Үндістандағы өсім 6%-дан асады. Бұл көрсеткіштер әлемдік орташа деңгейден жоғары.
Дегенмен сарапшылардың айтуынша, екіжақты ынтымақтастық әлеуеті әлі толық ашылған жоқ. Сауданың дамуына ең үлкен кедергі – әлсіз логистика мен тұрақты сауда маршруттарының болмауы.
Үндістанның «Эксимбанк» басқарушы директоры Харша Бангари жаһандық сауда шарттары қатаңдап келе жатқан жағдайда инвестициялық мүмкіндіктерді ашу үшін қосымша күш-жігер қажет екенін атап өтті.

