«Бағым жанды!»: Асқар Наймантаев Жанар Айжановамен көңіл қосқанын хабарлады
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Асқар Наймантаев халықты тосын жаңалығымен қуантты. Ол әнші Жанар Айжановамен көңіл қосқанын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл жаңалықты Асқар Наймантаев әлеуметтік желіде жазды. Онда ол еліміздегі белгілі әнші Жанар Айжанованың күйеуі болғанын айтып, жұрттан сүйінші сұраған.
«Жанар Айжанованың күйеуі болдым бағым жанғанда! Ешкімге айтпаңдар», — дейді ол парақшасында.
Желідегі жұрт бұл хабарламаға түрлі пікір жазуда. Бірі оларға бақыт тілесе, енді өзгелері «мінезін байқаңыз» деп ақыл-кеңесін беруде.
«Дайын болыңыз, Айжанова ұрысқақ, кейде түйіп кетуі мүмкін», «Бақытты болыңыздар, жарасымды жұп», «Керемет шығармашылық үйлесім», «Құтты болсын! Сізге бәрі жарасады», — деген ізгі тілектерін қалдырған желідегі жұрт.