Саяси мәдениетті арттыру – қоғам алдында тұрғын міндет

«Social project management» орталығы» қоғамдық қоры Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Халықтың саяси мәдениетін арттыруға бағытталған тақырыптық іс-шаралар өткізу» жобасын биыл кеңінен насихаттады. Жоба аясында 21 мәслихат депутатымен бірге әр округте ақпараттық науқандар ұйымдастырылды. Екі мыңнан астам буклет таратылды. Әр ауданда «Болашақ» бағдарламасының түлегі курстар өткізді. Мемлекеттік және құқық қорғау органдары өкілдеріне арналған сабақтар өтті. Мәжіліс депутаты саяси мәдениеттің құқықтық қырлары туралы семинар өткізіп, жаңа заңдарды түсіндірді.
Жалпы Саяси мәдениет дегеніміз не? Саяси мәдениет – бұл адамдардың мемлекетке, билікке және саясатқа деген көзқарасын айқындайтын білімдер, құндылықтар мен әдеттердің жиынтығы. Ол келесідей құрамдас бөліктерден тұрады. Білімдер – мемлекеттің қалай құрылғаны, азаматтардың қандай құқықтары мен міндеттері бар екендігі туралы түсініктер. Құндылықтар – әділеттілік, еркіндік, биліктің адалдығы туралы көзқарастар. Әдеттер мен мінез-құлық – сайлауға қатысу, өз көзқарасын білдіру, заңдарды сақтау.

Саяси мәдениет қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасады және оған дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, әлеуметтік институттар мен білім беру тәжірибелері әсер етеді. Ол қоғам мен саяси жүйе арасындағы байланыстырушы буын қызметін атқарады.
Саяси мәдениет адамдарды ортақ идеялар мен құндылықтар төңірегінде біріктіруге,мемлекет пен азаматтар арасындағы қатынастарды реттеуге, билік институттарына деген сенімді нығайтуға, демократияны дамытуға көмектеседі.










