Трамп пен Си Цзиньпин АҚШ пен Қытай арасындағы ауқымды сауда келісіміне қол қойды

АҚШ пен Қытай экономикалық тепе-теңдікті қалпына келтіруге және тарифтік дауларды азайтуға бағытталған тарихи сауда келісімін жасасты. Дональд Трамп пен Си Цзиньпин арасындағы келіссөздер Кореяда өтіп, құжатқа қол қоюмен аяқталды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.

Келісім бойынша Қытай сирек металдарға қатысты экспорттық шектеулерді алып тастайды және америкалық ауылшаруашылық өнімдеріне салынған тарифтерді жояды.

Өз кезегінде АҚШ Қытай тауарларына салынған кейбір баж салығын төмендетіп, жаңа экспорттық шектеулерді тоқтатады.

Пекин сондай-ақ фентанил өндірісіне қолданылатын химиялық заттардың экспортын шектеуге уәде берді. Сарапшылардың пікірінше, бұл мәміле бірнеше жылға созылған сауда текетіресінен кейін екі ел арасындағы қарым-қатынастың уақытша жақсарғанын білдіреді.

Altyn-orda.kz