Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына ресми түрде енді

Қазақстанның мақтанышы, әйгілі боксшы Геннадий Головкин әлемдік деңгейдегі ең беделді марапаттардың біріне ие болды. Ол Халықаралық бокс Даңқ залына енгізілді. Бұл — Головкиннің спорттағы ұзақ жылдық еңбегінің, мықты шеберлігі мен әлемдік аренадағы зор беделінің мойындалуы деп хабарлайды  Altyn-orda.kz

Головкин — бұл тізімге енген алғашқы қазақстандық спортшы. Оның есімі енді тарихта мәңгі қалады.

Спорт сарапшыларының айтуынша, GGG-дің мұрасына аса жоғары баға берілуі — заңдылық. Ол кәсіби рингте талай рекорд орнатып, орта салмақта ұзақ уақыт бойы үстемдік құрды. 42 жеңіс, 37 нокаут, әлем чемпиондық белбеулер — бәрі оның ерекше деңгейін дәлелдейді.

Даңқ залына енгізу рәсімі 2026 жылы АҚШ-та өтеді.

Бұл жаңалықты естіген көптеген жанкүйерлер Головкиннің аты тек Қазақстанның емес, бүкіл әлем боксының тарихында алтын әріппен жазылғанын атап өтуде.

фото  sports.yahoo.com нан алынды